Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Сот Турлина Раушан Елеусізқызының қонақ дәрісі

 

IMG-20200220-WA0007
T42A0828
T42A0827
T42A0826
T42A0821

20 ақпан 2020 жылы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Турлина Раушан Елеусізқызы және баспасөз хатшысы Атудинова Ақгүл Мурманқанқызы ҚАЕУ-ге "Аса ауыр қылмыстарды қарау кезіндегі соттардың құқық қолдану қызметі" тақырыбында қонақ дәрісін оқыды(жүргізді).

"Юриспруденция" білім беру бағдарламасының 2 және 3 курс студенттерімен ашық қатынас орнату барысында Фемида қызметкерлері студенттердің назарын ҚР Президенті К.К. Тоқаевтың "Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарына, зорлық-зомбылықты қолданумен байланысты қылмыстар бойынша жазалауды қатаңдату, сондай-ақ азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтуге баса аударды.

Раушан Елеусізқызы сотта өзінің тәжірибесімен бөлісіп, судьялардың басынан өтетін қиындықтары мен артықшылықтары туралы айтып берді. "Сот үкімін шығару кезінде қиындықтар туындайды, ол объективті және бейтарап болуы, айыпталушы мен жәбірленушінің мүдделерін ескеруі тиіс. Осыған қарамастан, бүгінде судья мамандығы өте беделді және жоғары ақы төленетін, - деп атап өтті судья.

Баспасөз хатшысы және бас маман Атудинова Ақгүл Мурманқанқызы заң психологиясын судья мамандығы бойынша білудің маңыздылығын, сондай-ақ жоғары моральдық қасиеттерге, тұрақты психикаға, аналитикалық ойларға және үлкен ақпарат ағымында бағдарлай білудің қажеттілігін атап өтті.

Кездесу барысында студенттер Қазақстан Республикасының Қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу кодекстеріне енгізілген соңғы өзгерістер мен толықтырулармен танысты. Кәсіби бағдарлау мақсатында болашақ құқықтанушыларға сот қызметі туралы "Мамандандырылған ауданаралық соты: кеше, бүгін, ертең" атты бейнесюжет көрсетілді.

Кездесу соңында студенттер қызықты және танымдық сабақ үшін ризашылықтарын білдірді, ал қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған қылмыстық сотының қызметкерлері білім алушыларға ынта, шығармашылық табыстар мен алға қойған кәсіби мақсаттарға жетуді тіледі.

Қоғаммен байланыс орталығы

Яндекс.Метрика
© 1994-2020 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru