Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

СТУДЕНТТЕР КЕЗДЕСУГЕ ҚАТЫСТЫ

         2013 жылдың 16 қаңтарында ҚАЕУ колледжінің студенттері  «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының Шығыс Қазақстан  областық филиалының конференц-залында Парламент мәжілісінің депутаттары Сабильянов Нұртай Салихұлы, Ибраев Төлеген Тоқтасынұлы Елбасының Қазақстан халқына жолдауы «Қазақстан-2050» стратегиясымен таныстыру мақсатында жастармен өткізілген кездесуге қатысты.

Онда Елбасының тәуелсіз қазақ елінің өсіп-өр­кендеуі мен гүлденуін тікелей жас­тармен байланыстыратынын атап көрсетті.

Сонымен қатар жастар саясаты, білім саласына қатысты мәселелер талқыланды. Жастар тарапынан «Дипломмен ауылға!», «Жастар практикасы», «Жұмыспен қам­ту-­­2020», «Қолжетімді баспана» бағдарламаларына қатысты сұрақтар қойылып, ұсыныстар жасалынды.

  ҚАЕУ колледжінің студенттерінен құрылған «Жас саясаткерлер» жастар клубы айтылған мәселерді мұқият тыңдап, көп мағлұматтар алды. Осы кездесуден алған әсерлерін колледж студенттерімен талқылай келе, өзіміздің оқу орнында  Елбасының Қазақстан халқына жолдауы «Қазақстан-2050» стратегиясын таныстыру мақсатында  жұмыс істеуді ұйғарды.

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru