ҚАЕУ студенттерінің бағдарламалау бойынша аймақтық олимпиададағы жеңісі

T42A2419
T42A2416
T42A2425
T42A2432
T42A2441
T42A2444
T42A2447
T42A2457
T42A2463
T42A2468

2020 жылдың 27 ақпанында Қазақстан-Американдық еркін университетінің «Ақпараттық жүйелер» білім беру бағдарламасының студенттері Троценко Евгений, Косенко Павел, Васипенок Владислав және Мешков Валентин Шығыс Қазақстан облысының жоғары оқу орындарының студенттері арасында бағдарламалау бойынша аймақтық студенттік олимпиадаға қатысты.

Олимпиада 2 кезеңнен тұрды, оған өңірдің жоғары оқу орындары мен колледждерінен 38 студент қатысты.

Олимпиада қорытындысы бойынша біздің студенттер келесі жүлделі орындарға ие болды: Троценко Евгений 1 орын, Косенко Павел 2 орын, Васипенок Владислав 3 орын, сондай-ақ дипломдармен және бағалы сертификаттармен марапатталды.

Құттықтай отырып, келешекте табыс тілейміз!

Бизнес  кафедрасы