Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Полиция полковнигімен кездесу өтті

Жандос Дайырбаев

Қазір қоғамдағы ең көп мамандықтардың бірі «заңгер» мамандары екендігі белгілі. Әйтсе де, ол әрдайым өзектілігін жоғалтпайтын маманықтардың бірі. Сондықтан да болар бұл мамандық бойынша диплом алып шыққан мамандардың көбісі бітірген соң жұмыс таба алмай, еріксіз жұмыссыздардың санатын толтыратыны да ақиқат.

Ал сұранысқа ие бола алатындай сапалы маман болу үшін не істеу керек, ІІО-на жұмысқа тұрудың жолдары қандай? Осы және басқа да студенттерді толғандырған сауалдарға жауап беру мақсатында ШҚО ІІД-нің кадр жұмысы басқармасының бастығы, полиция полковнигі Қалымбек Саянұлы Құмарғажин ҚАЕУ-де «құқықтану» мамандығы бойынша тәлім алып жатқан болашақ заңгерлермен кездесіп, ІІО-на жұмысқа тұрудың жолдарын түсіндірді.  

Кездесу барысында Қалымбек Құмарғажин полиция қызметінің қоғамдағы алатын орны мен беделі турасында жастарға әңгімелеп берді. ҚР Президентінің жарлығымен ҚР ҚҚО қызметкерлерін кезектен тыс атестациялау қалай өткендігін және біздің облысымыз бойынша көрсеткіштер қандай болғандығын айтып, еліміздегі құқық қорғау қызметіндегі реформалармен жас заңгерлерді таныстырды.

SAM 2589

-Полиция қызметкерлері-қоғамдағы бірден бір тыныштық сақшылары. Сондықтан да, оларға артылатын жауапкершілік жүгі жоғары. Полиция қызметкері болу-абыройлы іс. Сондықтан да ертең оқуларыңызды ойдағыдай аяқтаған соң полиция қатарына қосылып, ел тыныштығы үшін еңбек етем десеңіздер осы бастан теорияны мықты меңгеріп, физикалық жағынан да әрдайым дайындықта болуларыңыз керек. Сонда ғана сіздерден нағыз ел қорғаны болатындай ерлер, қызметі жемісті полиция қызметкері шығады деп айта аламын.  

Студенттірді қызықтырған сауалдар әр түрлі болды. Олар: ІІО-на жұмысқа тұруға қандай талаптар қойылады, әскери борышын өтеу міндетті ме және де физикалық сынақтан өту үшін қалыпты мөлшер қандай болу керек деген сынды сан салалы сауалдар қойылды.

SAM 2592

Бұл кездесудің басты бір ерекшелігі әдеттегідей студенттер ғана сұрақ қойған жоқ. Студенттердің әрқайсысының сұрақтарын тыңдап, тұщымды жауап берген Қалымбек Құмарғажин жас заңгерлердің білімін тексеру үшін оларға әрбір заңгер білуге тиісті бірнеше қарапайым сұрақтар қойды.

Сөйтіп жас заңгерлерді болашақ полиция қызметкерлерінің жігерін жанып, талабын ұштады. Полиция органдарына деген сүйіспеншілігін арттырды. Отанға, халыққа адал қызмет атқарудың қаншалықты абыройлы міндет екендігін тағы бір мәрте ұғындырды.

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru