Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Біздің Тұнғыш Президент

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай «Біздің Тұнғыш Президент» тақырыбында қаланың кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында Президент оқуының өтуі жайлы.

«Біздің Тұнғыш Президент» тақырыбында қаланың кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында Президент оқуы бастау алды.  Осыған орай Қазақстан-Американдық Еркін Университеті колледжінде жастарға Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенін таныту мақсатында қала колледж білім алушылары арасында «Біздің Тұңғыш Президент» атты  Президент оқуы  өткізілді.

 Бұл шара жастарды Елбасы, ұлт көшбасшысы бастамаларының өмірлік жалғасы - жастар деген ойды қолдау,  елімізге еңсе тіктетіп, мемлекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының  абыройын асқақтатып Елбасының кісілік келбетін меңгеру. Елін сүйген, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу  мақсатында өткізілді.

 Шараның ұйымдастырушысы: Қазақстан-Американдық Еркін Университеті колледжінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қолдаева Айгуль Акылбекқызы.

 Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Біздің Тұңғыш Президент» атты Президент оқуына ШҚМУ колледжі,  IT колледжі, Шығыс Қазақстан Мемлекеттік гуманитарлық колледжі, Политехникалық колледжінің  қиялына қанат біткен, ойы ұшқыр, білімді жастары қатысты.

  Шара  қонақтарды тіркеуден басталды. Шараның ашылуы Қазақстан.   Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен  басталды. 

  Қонаққа шақырылған «Найман»  тобы өз әндерімен көрермендердің  көңілінен шыға білді. Аталған топтың мүшелері ҚАЕУ колледжінің          студенттері  Алипбаев Әділет пен Меделханов  Диас.

  Президент оқуларында тәуелсіз ел болу, тұңғыш Президенттің сайлануы, Қазақстанның бүкіл әлемге танылуы, жер шарында тарыдай болып шашылып кеткен қандас бауырларымыздың тарихи отанына шоғырлана бастауы, еліміздің орталығы – Астана қаласының бой көтеріп, сәулеттене түсуі, шетел қаржысын көптеп тарту нәтижесінде ел-экономикасының алға басуы, ғарышқа тұңғыш рет қазақтың ұшуы, 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға, 2011 жылы Ислам ұйымына Қазақстанның алғаш рет төрағалық етуі, Қазақстанда 2011 жылы қысқы Азиялық ойындарының өтуі, қазақтардың дүниежүзілік құрылтайы, Тәуелсіз Қазақстанның мәдени мұралары мен рухани қундылықтары, «Қазақстан  2030» бағдарламасының  іске асырылуы, 2017 жылы халықаралық ЭКСПО көрмесі Астанада өткізілетіні туралы айтылды.  

 Шара Жаксылық Азаматтың орындауында «Менің Қазастаным», Аскарова Данараның орындауында «Қамажай» биімен,  «Найман» тобының «Атамекен» аяқталды.

 

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru