Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

16-наурыздан 5-сәуірге дейін ҚАЕУ студенттері қашықтықтан оқыту жүйесіне көшеді.

1hxbdKvj7TIgmCvGRFHoNQ

Мұндай шешім Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі шаралардың күшеюіне байланысты қабылданды.

Қашықтықтан білім беру технологиясын қолдану арқылы білім беру үрдісі қашықтықтан оқыту порталы арқылы жүзеге асырылады.

ЖОО-ның білім беру порталында сандық форматтағы оқу контенті орналастырылған (силлабустар, дәрістік кешен, практикалық, семинарлық сабақтарды орындауға арналған тапсырмалар мен әдістемелік нұсқаулар тізімі және т.б.), білім алушылар мен оқытушылардың ЖОО-ның барлық электрондық ресурстарына қол жеткізу, виртуалды чат жүйесі арқылы кеңес беру үшін кері байланыс орнату мүмкіндігі қамтамасыз етілген.

Қашықтықтан оқытуға көшу білім алудың тоқтатылуын білдірмейді. Оқыту қашықтықтан оқыту технологиясы арқылы жүргізіледі.

                                      Бизнес, құқық және педагогика факультетінің деканаты

Яндекс.Метрика
© 1994-2020 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru