Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

ҚАЕУ Президентінің кубогі үшін өткізілген аймақтық дебат турнирі

Қазақстан – Американдық Еркін университетінде ҚАЕУ Президентінің кубогі үшін дәстүрлі түрде өткізілетін дебат турнирі болып өтті.

Турнирдің мақсаты: жастардың бойында отаншылдық сезімін оятып, өзіндік азаматтық позициясының қалыптасуына ықпал ету.

Аймақтық масштабта өткізілген турнирде орыс және қазақ лигасы бақ сынады. Орыс лигасына Семей қаласынан және жергілікті крмандалардан барлығы сегіз фракция қатысты. Ал қазақ лигасына Риддер қласынан және жергілікті командалардан барлығы жиырма бір фракция ойнады.

Ойын қорытындысы бойынша орыс лигасынан II орынды Семейден келген команда және I орынды тағыда семейлік команда иеленді. Ал қазақ лигасында төрешілердің шешімімен III орынды ҚАЕУ университетінің «Сөз Мерген» фракциясы, II орынды ШҚМУ-нің «Асыл» фракциясы, ал I орынды Өскемен қаласындағы физика-математикалық мектеп-лицейі иеленді.

Орыс лигасынан «ойынның үздік спикері» ШҚМУ-нен Арман Бектурсынов, ал қазақ лигасынан «үздік спткер» ШҚМТУ-нің студенті Айгерім Оқасова атанды. Қазақ лигасы ойыншыларының арасынан «Турнирдің креативті ойыншысы» номинациясын ҚАЕУ университетінің ойыншысы Қызыр Іңкәр еншіледі.

ҚАЕУ-нің «Ұлағат» дебат клубының төрағасы Жандос Дайырбаев

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru