Мақсатты бизнесті құру

 

IMG-20200602-WA0011
IMG20200602135053
IMG-20200602-WA0008
Screenshot2020-06-02-11-35-18-477uszoomvideomeetings
Screenshot2020-06-02-12-10-34-133uszoomvideomeetings

2020 жылдың 2 маусымында Creative Spark Британдық Кеңесінің жобасы аясында ҚАЕУ студенттік хабы базасында маркетолог және ресторатор Эльдар Мұхаметқазин онлайн-тренинг өткізді.

Эльдар Мұхаметқазин - "Koster" мейрамханасының директоры, Өскемендегі "Burger Club" мейрамханалары желісінің директоры, сауда, жиһаз жасау, тауарлар мен қызметтер саласында бизнеспен байланысты түрлі істерді жүргізуде үлкен тәжірибесі бар кәсіпкер.

Мухаметказин Эльдар тренинг қатысушыларына бизнестегі дұрыс бағытты қалай таңдау керектігін, сондай-ақ біздің елімізге қандай бизнестің маңызды және неғұрлым қажетті екенін айтты.

Тренинг қатысушылары SMART-мақсаттың не екенін, не үшін қажет екенін талдады. Сондай-ақ, бизнесті құру үлгісін құрастырып, неден бастау керек, бизнесті жүргізуде қандай мақсаттар қою керек және одан қандай пайда алуға болатынын талқылады.

Эльдар Мұхаметқазин клиенттердің адалдығы деген не, ол не үшін қажет, онымен қалай жұмыс істеу керектігін айтып, қатысушыларға шығынсыздық нүктесі деген не және "шығынсыз" жұмыс істеудің сиқырын айтты.

Тренинг қатысушылары спикерге бизнес саласындағы құнды кеңестер мен тың білім бергені үшін алғыстарын білдірді.

Қоғаммен байланыс орталығы