Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

ШҚО колледж студенттері арасындағы ғылыми тәжірибелік конференция

     12 наурыз 2013 жылы  Қазақстан-Американдық еркін университеті колледжінің қабырғасында Шығыс Қазақстан облысы бойынша колледж студенттері арасында «Математиканың ғылым ретіндегі жетістіктері мен қолданылуы» тақырыбында ғылыми тәжірибелік конференция өтті.

Конференцияның мақсаты: Оқу-зерттеумен айналысатын математика пәнінің дарынды студенттерін анықтау. Міндеті:  Шығыс Қазақстан облысының студенттерін ғылыми-тәжірибелік іске тарту; өзекті мәселелерді талдай отырып колледж студенттерінің шығармашылық белсенділіктерін көтеру; шығармашылық іс-әрекеттері арқылы студенттердің ақпараттық құзыреттіліктерін қалыптастыру.  Конференцияны ұйымдастыру комитетінің құрамы: Шығыс Қазақстан білім басқармасы бастығының орынбасары Садыкова А.Е., Қазақстан-Американдық еркін университеті президенті, ҚР ҰБА академигі Мамбетказиев Е.А., Қазақстан-Американдық еркін университеті колледжінің директоры Хожанова А.Б., кәсіптік техникалық білім беру бөлімінің маманы Оспангалиев К.А., ТиПО даму орталығының әдіскері Снегирева Е.Е., Қазақстан-Американдық еркін университеті колледжінің әдіскері Жайсанбаева А.С.,  ҚАЕУ колледжінің математика пәнінің жоғары санатты оқытушысы Ескужинова Нурлығаин Мутаевна мен математика, информатика пәндерінің бірінші санатты оқытушысы  Зимановская Анна Александровна. Конференция  мемлекеттік тілде және орыс тілінде өткізілді.

Конференцияға қазылар алқасының председателі болып Қазақстан-Американдық еркін университетінің «Бизнес» кафедрасының аға оқытушысы Бердібеков А.Б. шақырылды. Қазылар алқасының мүшелері: Д.Серікбаев атындағы ШҚМУ-нің «Жоғары математика» кафедрасының аға оқытушысы Жаксыгунова Ж.Т., «Техникалық және кәсіптік білім беру» корпоративтік қоғамының директоры Садыкова А.М., Қазақстан-Американдық еркін университеті колледжінің жоғары санатты математика пәнінің оқытушысы Селиванова Л.Ф. .

 Конференцияға  Семей, Өскемен, Зырян қалалары, Шемонаиха, Глубокое, Катон-Қарағай аудандары колледждерінен 28 студент ғылыми жетекшілерімен келді. Конференция екі бөлімнен өтті: пленарлық және секциялық. ҚАЕУ колледжінің директоры Хожанова А.Б. қатысушыларға ақ жол тілеп конференцияның алғашқы қадамын  жасады. Пленарлық отырыста ҚАЕУ колледжінің математика, информатика пәндерінің оқытушылары  Жаханова Т.А. мен Лозгачев А.В. баяндама оқыды.

Конференция қорытындысы бойынша жеңіпаздар мен жүлдегерлер анықталды. Оларды марапаттау І, ІІ, ІІІ орын бойынша және «Зерттеу жұмысының өзектілігі үшін», «Шығармашылық ізденісі үшін», «Үздік презентациясы үшін», «Сабақтастық ізденісі үшін», «Зерттеу жұмысындағы ғылыми ізденісі үшін», «Зерттеу жұмысының тәжірибелік құндылығы үшін», «Қатысқаны үшін»  номинациялары бойынша жүзеге асты.

Мемлекеттік тілдегі №1секцияға 12 студент қатысты. Жүлделі студенттер мен олардың жетекшілерін ТиПО  даму орталығының әдіскері Кездікбаева Лаззат Тоқтарбековна марапаттады. Топ жарып І орынға және  «Шығармашылық ізденісі үшін» номинацияға ие болған Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің студенті Құмарғазина Назерке. ІІ орынды және  «Зерттеу жұмысының өзектілігі үшін» номинациясын Семей құрылыс колледжінің студенті Маман Данияр иеленді. Қазақстан-Американдық еркін университеті колледжінің студенті Ермек Камшат ІІІ орын грамотасымен марапатталды. Семей қаласының Электротехникалық колледжінің суденттері Сихимбаев Біржан «Сабақтастық ізденісі үшін», Марат Дастан «Зерттеу жұмысының тәжірибелік құндылығы үшін» номинацияларымен марапатталды. «Үздік презентация» номинациясы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің студенті Бейсенбекова Айботаға, «Зерттеу жұмысындағы ғылыми ізденісі үшін» номинациясымен Үржар колледжінің студенті Валиева М. берілді.

Орыс тіліндегі №2 секцияға 16 студент қатысты. Техникалық және кәсіптік білім беру корпоративтік қоғамының директоры Садыкова А.М. секция жұмысы жөнінде айта кетіп,  марапаттауды жүргізді. І орынға Зырян қаласының құрылыс және көлік колледжінің студенті Ким Ирина ие болды.  ІІ жүлделі орынды Қазақстан-Американдық еркін университеті колледжінің студенті Рыбалко Денис алды. ІІІ орынның мақтау грамотасын  Семей қаласы Көлік колледжінің студенті Кондырев Виталий иеленді. «Шығармашылық ізденісі үшін», «Үздік презентация» номинацияларымен Шакенова Мадина, «Зерттеу жұмысының өзектілігі үшін» Өскемен қаласының қызмет көрсету саласы колледжінің студенті Ерофеев Иван,  «Сабақтастық ізденісі үшін»  Семей қаласы көлік колледжінің студенті Роман Андрей, «Зерттеу жұмысындағы ғылыми ізденісі үшін» Катон-Карағай аграрлық техникалық колледжінің студенті Васелков Иван марапатталды.

Жүлдегер студенттердің ғылыми жетекшілері де мақтау грамоталармен марапатталды. Атап айтсақ, Ташкенбаева Лаззат Омархановна, Ескужинова Нурлығаин Мутаевна, Солтанова Меруерт Кеңесхановна, Касенғазина Сауле Наурызбаевна, Жаханова Толкын Ануарбековна, Садыкова Асем Маратовна, Дмитриева Галина Владимировна, Кучурина Фаина Семеновна, Зимановская Анна Александровна, Латыпова София Ситдыкова, Тиыштыкбаева Гуляим Ризатовна, Нечаева Ольга Николаевна. 

Қазақстан-Американдық еркін университеті колледжінде өткен Шығыс Қазақстан облысы бойынша колледж студенттері арасында «Математиканың ғылым ретіндегі жетістіктері мен қолданылуы» тақырыбында ғылыми тәжірибелік конференция  ұйымдастыру комитетінің, қазылар алқасының, студенттер мен олардың жетекшілерінің көңілінен шықты. Ортаға салған ғылыми еңбектердің маңыздылығы, өзектілігі, ғылымилығы жоғары болды. Жаңа заманға сай заманауи мәселелер қаралды. Конференцияға қатысушы студенттер мен жетекшілер тарапынан үлкен ғылыми-зерттеу жұмыстары жасалды.

ҚАЕУ колледжінің әдіскері 

Әсел  Жайсанбаева

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru