Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Ұлтымыздың асыл мұрасы –тоғызқұмалақтан ҚАЕУ біріншілігі өтті

Тоғызқұмалақ – әлемдік мәдениеттің озық үлгілерімен бой теңестіре алатын рухани ойын, логикалық ойлау өнері. Бұл өнердің басты қасиеті – адам санасын жетілдіруге, ақыл-ойын кемелдендіруге ерекше күш салады. Түркі халықтарының ұрпақ тәрбиесіне жауапкершілікпен қарайтынына осы ойынның өзі де дәлел бола алады. Жастар мен жасөспірімдердің дене күшінің мол болуы мен қатар, ақылды болуына да көп мән берген бабаларымыз осы ойынды ойлап тапқан.

  Міне осындай ұлы мақсатты көздеген ұлтымыздың асыл мұрасы – тоғызқұмалақты кеңінен насихаттау мақсатында студенттер арасында ҚАЕУ біріншілігі өтті. Аталмыш игілікті шара ҚАЕУ спартакиадасы бағдарламасы негізінде «Педагогика және психология» кафедрасының ғылыми-шығармашылық апталығына орай наурыздың 29 жұлдызында ҚАЕУ оқу ғимаратында өткізілді. Жарыс айналмалы жолмен ұйымдастырылды. Сайыста ұлдар мен қыздар жеке топтар бойынша өнер көрсетті. Жарысқа барлық мамандықтың студенттері белсене қатысты. Жарыс бағдарлама бойынша 10 00 -де басталғаннан түскі үзіліссіз сағат 1630 -ға  дейін жалғасып студенттер 7 сағат бойы өз өнерлерін ортаға салды.

Жарысты ұйымдастыруға көмектесугеШҚО «Халық спортының ұлттық түрлері бойынша бабалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КММ-нің тоғызқұмалақтан жаттықтырушысы Н.Н.Турашева шақырылды. Наталья Николайқызы өзімен бірге 10 тоғызқұмалақ тақтасын ала келіп, жарысқа қатысушылардың көп кезек күтпей-ақ өнерлерін көрсетулеріне орай жасады.

Жарыстың қорытындысы бойынша ұлдар арасында 10 ойын өткізіп, барлығынан алғыр ойымен басым түсіп, 10 ұпайды толық жинаған «Ақпараттық жүйелер» мамандығының студенті Жұмағұлов Бекзат І орынды жеңіп алды. ІІ орынды 9 ұпаймен Тукебаев Ерқанат иеленсе, ІІІ орынды 8 ұпаймен Абайқанов Олжас қанағат тұтты. Ал, қыздар арасында І орынды «Заңтану» мамандығының 1курс студенті Ескендирова Қымат ұтып алды. ІІ орынды «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 1 курс студенті Болатова Жансая иеленсе, осы курста оқитын Зарыпқанова Айгерім 3 ұпаймен алдыңғы үштікті толықтырды. Жарыс қорытындысы бойынша орын алған озық ойлы студенттер келесі күні яғни, наурыздың 30 жұлдызында «Педагогика және психология» кафедрасының ғылыми-шығармашылық апталығының жабылу салтанатты жиналысында мақтау қағаздарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Студенттер мен мұғалімдер арасында үлкен қызығушылық тудырған тоғызқұмалақ жарыстары өз жалғасын табады деген сенімдеміз. Жеткілікті тоғызқұмалақ тақталары болған жағдайда келесі оқу жылында тоғызқұмалақтан студенттер арасында үйірме жұмыстарын ұйымдастыруды  жоспарлап отырмыз.

 «Педагогика және психология»

кафедрасының оқытушылары К.Орман

А.Б.Қабылжапарова

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru