Жандосты жеңісімпаз атанды

Ағымдағы жылдың тамыз айында Шығыс Қазақстан облыстық «Шығармашыл жастар одағы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен көрнекті қаламгер Оралхан Бөкейдің 70 жылдығына орай журналисттердің арасында «Жас журналист 2013» байқауы өткізілген болатын. Байқауға Университетіміздің 4-курс студенті Жандос Тұрсынұлы Дайырбаев та қатысып, байқаудың бас бәйгесін иеленді.

Байқауда Мұзтаудың мұзбалақ жазушысы, жерлесіміз Оралхан Бөкей төңірегінде қалам тербеп жүрген жас журналисттер өзара бақ сынасты. Қанмен келген қабілетінің арқасында бүгінде журналистика саласында тер төгіп жүрген Жандос Дайырбаев бұл жеңісін өзі білім алып жатқан Қазақстан-Американдық Еркін Университетінің 20 жылдық мерей тойына арнаймын дейді:

Жандосты жеңісімпаз атанды

–Тәуба деп айтам, бұл менің бұл саладағы жетістіктерімнің басы емес және соңы да болмайды деп ойлаймын. Бұған дейін оқушы партасында отырғанымда Аягөз ауданында журналистиканың негізін салушы Рысқан Дүйсенғазин атындағы шығармашылық бәйгенің жеңімпазы атанған болатынмын. Ал бүгінгі жеңісімнің жөні бөлек. Себебі, бұл менің кәсіби журналистикадағы алғашқы жеңісім.  Бұл жүлде менің шабытыма қанат бітіріп, алда талай жетістіктерге жетелейді деген үміттемін, – дейді Жандос.

Талапты жасты жеңісімен бізде құттықтап, бағындырар белестерінің көп болуын тілейміз.

ҚАЕУ баспасөз қызметі