Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

ТУҒАН КҮНМЕН!

Облыс пен қала басшылары, көрнекті ғалымдар, қоғам қайраткерлері, парламент және үкімет мүшелері, жақын-алыс шет елдердегі достары мен әріптестері Қазақстандағы тұңғыш халықаралық серіктестік университетінің негізін қалаушы және басшысы Ережеп Әлхайырұлы Мәмбетқазиевтің өміріндегі кезекті елеулі күнімен құттықтады. Туған күн иесін құттықтауға американдық достары, әрі әріптестері Маршалл Кристенсен мен Дэниел Бэлласт келді.

Құттықтауларда Ережеп Әлхайырұлының әрдайым бүкіл Қазақстан танитын белсенді жарқын тұлға, көшбасшы болып қала беруіне ізгі ниеттер білдірілді. Ережеп Әлхайырұлының жас егемен еліміздің, әсіресе Шығыс Қазақстан өңірінің білім саласына қосқан инновациялық үлесі ерекше аталады. Химия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА, бірнеше Халықаралық Академиялардың академигі, Ережеп Әлхайырұлы 1993-1995 жылдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі болып қызмет атқарды.  Дәл осы жылдары Қазақстан жоғары білімі жүйесінде бірқатар инновациялар: тестілеу, «Болашақ» бағдарламасы,өңірлік университеттер, бакалавр-магистр-PhD, үш тілділік... бастау алады. Инновациялар отандық білімді тоқыраудан шығарып, қазақстандықтардың өскелең ұрпағы үшін әлемнің ең беделді ЖОО-да білім алуларына кең мүмкіндіктер ашып, заманауи білімді қазақстандықтың бейнесі қалыптасты.

Ережеп Әлхайырұлы жиырма жылға жуық тұңғыш өңірлік классикалық университет болып танылған ШҚМУ-ін басқарды. Қазақстан-Американдық еркін университетін құрып, Ережеп Әлхайырұлы өңірде халықаралық серіктестік орталығын қалыптастырды. Алдағы 2014 жылы ҚАЕУ өзінің 20 жылдық мерейтойын атап өтеді, ал академик Ережеп Мәмбетқазиевтің ректорлық өтілі мерейтойлық атаулы 30 жылға жақындайды. 

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru