Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Халықаралық ғылыми конгресс

27-28 қыркүйекте ҚАЕУ-де «Халықаралық серіктестік мағына мәтініндегі білім және инновация» атты халықаралық ғылыми конгресс болып өтті.

Білімнің өзекті мәселелерін талқылауға Қазақстан және АҚШ өкілдері қатысты. Шет елдік серіктестер делегациясы тоғыз адамнан тұрды: Дэниел Бэлласт -американдық тараптан ҚАЕУ вице -президенті, Маршалл Кристенсен- ҚАЕУ кураторы, ҚАЕУ Қамқорлық Кеңесінің төрағасы, ҚАЕУ-ін қолдаудың «Co-serve» қорының құрылтайшысы, Майк Марш –Уиллмэт университетінің профессоры, экономист, Джэф Гилфой - Уиллмэт университетінің профессоры, Дэвид Дьюби – ғылым магистрі ,Ph.D, Либерти университетінің қауымдастырылған профессоры, Брайн Янг – кәсіпкер, Perry&Young Inc., корпорациясы білім бөлімінің директоры, Ленэй Хантер – қоғам қайраткері, кәсіпкер, «Co-Serve» Қамқорлық Кеңесінің мүшесі, Джошуа - Мараната университетінің математика және ағылшын тілі саласының маманы, Кэти Хайд - Орегоннан ағылшын тілінің мұғалімі.

Шығыс Қазақстан өңірінде ғылыми конгрестің өткізілуі ғылыми ынтымақтастық шекарасын кеңейтуге мүмкіндік беріп, білімнің кірігуі мәселелеріне ғылыми қауымдастықты кеңінен жұмылдыруға көмектеседі. Сонымен, ҚАЕУ индустрияға заманауи ғылым мен техниканы енгізуді апробациялайтын ғылыми конференциялар өткізу тәжіриесін таратады.

Конгресс шеңберінде менеджмент, басқарулық шешімдер, консалтинг, оқытудың инновациялық әдістері т.б. тақырыптарға шет елдік серіктестердің семинар- треннингтері мен шеберлік сабақтары болды.

Пленарлық отырыс пен тақырыптық секциялар жұмысы жоғары деңгейде аталып өтілді. Конгресс нәтижелері бойынша оған қатысушыларға сертификаттар тапсырылды.

ҚАЕУ дамуына қосқан елеулі үлестері үшін М.Маршқа, Дж.Гилфойға, Л. Хантерге, Б.Янгқа «Құрметті профессор» атағы берілді.

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru