Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Көптілді жастардың жетістіктері

Өскемен қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастамасымен үш – мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген 15 жастан 30 жасқа дейінгі жастар арасында «Тілдарын 2013» қалалық олимпиада болып өтті.

Айнұр Еркенова мен Қаламқас Даниярова байқауға Қазақстан-Американдық еркін университеті атынан қатысты. Қатысушылардың білімдері әртүрлі байқауларда – тұсаукесер, баспасөз конференциясы, ілеспе аударуда тексерілді. Барлық сынаулар үш тілде жүргізілді.

Байқау қорытындысы бойынша біздің студенттер жақсы көрсеткішке қол жеткізді - Айнұр Еркенова үшінші орын, ал Қаламқас Даниярова алғыс хат алды. 1-2 орындарды ҚАЕУ колледжі мен экономика және қаржы колледжі өзара бөлісті. Байқау жеңімпазы ЭҚК білім алушысы Дана Рахымова атанды. Екінші орынды ҚАЕУ колледжі ағылшын тілі оқытушысы Арай Мұқажанова иемденді. Жүлдегерлерге дипломдар мен сыйлықтар  тапсырылды.

Біз олимпиада жүлдегері Айнұр Еркеновамен тілдескен едік, ол өз пікірлерімен бөлісті.

- Әлбетте,бұл олимпиада маған үлкен тәжірибе болды. Себебі,мен өзімнің ағылшын, орыс, қазақ тіліндегі білімімді тексере алдым. Үшініші орын алғаныма қарамастан,мен өзімнің неге қабілетті екенімді біліп қана қоймай, өзімнің ағылшын тілінен деңгейімді білдім, енді қай жағынан дамып қайда жылжуыма керек екенін анық білдім. Олимпиаданың өзі өте қызықты болды, әсіресе, оның қалай ұйымдастырылғаны ұнады. Ұсынған тапсырмалары өте қиын болды, бірақ ол маған ұнады. Ілеспе аударма өте қиын әсіресе бізге тапсырманы оқығаннан кейін дайындалуға уақыт бөлінген жоқ, дегенмен, осы олимпиада сол себепті де маған өте қызықты болып көрінді. Әрине мен келесі жылы да бағымды сынағым келеді.

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru