Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

ҚАЕУ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАМҚОРЛЫҚ КЕҢЕСІ

ҚАЕУ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАМҚОРЛЫҚ КЕҢЕСІ 26 қыркүйекте өз отырысын өткізді. ҚАЕУ стратегиялық дамуының бірқатар маңызды мәселелері талқыланды.

Отырысқа қатысушыларға сәлем жолдай отырып,Қамқорлық кеңесінің төрағасы Маршалл Кристенсен американдық тараптан кеңестің жаңа мүшелерін таныстырды. Бұлар Майк Марш (Director, Co-Serve International, Oregon, USA), Джэф Гилфой (President, Lumen Leaders, Director, Co-Serve International, Oregon, USA), Ленэй Хантер (Principal Broker/Owner, Hunter Properties, Certification Board, Co-Serve International, Oregon, USA). «Co Serve International» білім беру ұйымының жаңа мүшелері ретіндетаныстырылған әріптестер бірлескен білім беру бағдарламаларын жүзегеасыруда өздерінің мемлекеттік қызмет, кәсіпкерлік және бизнестегі білімдерімен тәжірибелерін тиімді қолдануға дайын екендіктерін білдірді.

ҚАЕУ Президенті, ҚР ҰҒА академигі Ережеп Мәмбетқазиев американдық серіктестеріне және жеке Co-Serve International негізінқалаушы, әрі Президенті Маршалл Кристенсенге көпжылдық ынтымақтастықпен сындарлы қолдаулары үшін алғысын білдірді. Өз сөзінде ол Қамқорлықкеңесінің мүшелерін университеттің қазіргі жағдайы және дамуболашағымен таныстырды.

  Белгіленген күн тәртібі шеңберінде ҚАЕУ-ін «Co Serve International» көшбасшылық мәдениеті стандарттарына сәйкестігін сертификаттау мәселесі талқыланды. Маршалл Кристенсен «Халықаралық көшбасшылық» бағдарламасын жүзеге асырудың негізгі қорытын дылары жайлы айтып берді. Жаһанды тұрғыда ойлайтын тұлғаның, Қазақстан және әлем көшбасшылары қалыптасуы бағдарламасы дамуының жаңа параметрлері анықталды.

Халықаралық серіктестіктің дамуының болашағы талқыланды. ҚАЕУ халықаралық бағдарламалар мен байланыстар жөніндегі Вице-президенті Дэниел Бэлласт ҚК мүшелерін ҚР БҒМ және аккредитаттау органдарының университеттің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі талаптарымен таныстырды. Осы талаптар шеңберінде студенттер мен оқытушылардың академиялық бейімділігін белсендіру бойынша бірқатар іс- шаралар белгіленді.

Алдағы 2014 жылдың ҚАЕУ 20 жылдығы екендігі белгілі. Осы айтулы күнге байланысты Дэн Бэлласт ерекше ұсыныс жасады –ҚАЕУ жылдығына арналған салтанаттар тек университет қабырғасында ғана емес, сонымен қатар АҚШ -да өткізілуі тиіс. Мұның өзіндік мәні бар. Өйткені, ҚАЕУ Қазақстан-американдық серіктестігі ЖОО болып саналады.

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru