Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Экономика және қаржы колледжі

Тарихы,бүгінгі күні және болашағы.

Экономика және қаржы колледжі - Өскемен, облыс және республикадағы ең ескі оқу орындарының бірі, қыркүйектің соңында өзінің 70 жылдығын атап өтті. 1943 жылы кооперативтік техникум ретінде негізі қаланған ол, 1995 жылы кооперативтік колледж, 1998 жылы есеп-сауда колледжі, ал 2001 жылдың желтоқсанынан бастап Өскемен экономика және қаржы колледжі атанды. 70 жыл ішінде колледж Шығыс Қазақстан облысы мен республиканың кәсіпорындары, ұйымдары мен мекемелеріне арнап 18,5 мыңнан астам маман даярлап шығарды.

ЭҚК мерейтойына арналған салтанатты мәжіліске колледждің әр ұрпақ педагогтары, қызметкерлері мен түлектерінің өкілдері жиналды. ҚАЕУ Президенті, ҚР ҰҒА академигі Ережеп Мәмбетқазиевтің атынан колледж ұжымын ҚАЕУ вице-президенті Галина Конопьянова құттықтады. Құттықтауда 70 жылдық тарихы бар өткенге жақсы баға беріліп, экономика және қаржы колледжінің келешегіне оң жорамал жасалды.

Ұжымды Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Владимир Головатюк, қалалық мәслихаттың хатшысы Александр Абакумов, бірқатар кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары құттықтады. ҚАЕУ американдық серіктестері Маршалл Кристенсен, Дэн Бэлласт, Ленэй Хантер, Майк Марш, Джэф Гилфой ЭҚК ұжымының қол жеткізген табыстарының маңыздылығын атап өтіп, халықаралық бағдарламалар бойынша ынтымақтастыққа дая екендіктерін білдірді. Мерейтойлық салтанатта үздік педагогтар мен қызметкерлерге құрмет қағаздары, дипломдар, сертификаттар тапсырылды. Бағдарламада эстрада, шығармашылық ұжымдардың танымал шеберлерінің концерттік орындаулары болды.

Өз баяндамасында ЭҚК директоры, педагогика ғылымдарының докторы Ерсайын Нәбиев оқу орны тарихының ең маңызды кезеңдерін және әр жылдары еңбек еткен адамдарды атап өтті. Колледждің қалыптасуы мен дамуына әр жылдардағ басшылар көп үлес қосты. Олар- Д.Елецкий, К.А.Ерғазин, М.Е.Еремеев, И.С.Ким, В.М.Мацкив (ҚР білім беру ісінің үздігі және білім беру ісінің Құрметті қызметкері), Е.Н. Бураменская. Әр жылдары еңбек еткен директордың орынбасарлары қосқан үлестері де зор. Атап айтсақ, олар Л.М. Супрун, В.М. Иванцова, М.П. Акимова, М.М. Атаханов, Л.И. Халикова, Б.Т. Сартаева,В.П. Чернов , Л.И. Олейник, Р.Б. Асаубаева. Алдыңғы қатарлы оқытушылар мен қызметкерлер Н.Н. Прищепчик, Н.Н. Рудая, С.И. Федорова, М.Т. Худякова, М.С. Еремеева, В.М. Сурова, Е.В. Камчатная, В.Ф. Лаврик, Ф.Л. Филимонова, В.С. Зинченко, М.Г. Усатова, Э.А. Шутилина, Н.С. Скударнова, З.Н. Қожаева, М.К. Чернышова, В.В. Семенова, Г.Е. Резниченко. Қорытындылай келсек,колледждің басты міндеті – заманауи еңбек нарығы талаптарына сай жоғарыбілікті мамандар даярлау.

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru