Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

«Ақ бауырға» танымдық саяхат

Қазақстан-Американдық еркін университеті колледжінің студенттері кітаптан сан рет оқып жүрген тасқа әр түрлі әдіспен салынған суреттер, көне неолит дәуіріне жататын жұмбаққа толы тарихи ескерткіш -«Ақ бауырға»  барып тамашалап қайтты. Осындай экскурсиялар оқушылардың танымдық ой-өрісін кеңейтіп, олардың туған жеріне деген сүйіспеншілік сезімін арттыруға  тигізетін көмегі ерекше.

Бұл тарихи ескерткіштің  көне кезеңде өте маңызды жер болғандығы, сол жердегі қаншама көлемде тастардың адам қолымен қалай өңдегендігінен көруге болады. Ескерткіштің неолит дәуіріндегі аспан денелерін бақылайтын астрологиялық кешен болғандығын ғалымдар зерттеп, пайымдауда.

Оқушылар үшін еліміздегі мұндай ескерткіштерді өз көзімен көріп, білуі олардың тарихқа деген қызығушылығын арттырады.  Тек “Ақ бауыр “ кешені туралы біліп қана қоймай, оған ұқыпты қарауға, тарихи ескерткіштерді адамдардың зиян келтіретін әрекетінен сақтау керек екендігін түсініп, олардың азаматтық ұстанымдарын арттыра түсетіндігі анық. Колледж оқушылары экскурсияға барғандарына ерекше қуанып, алған әсерлерімен бөлісті:

Ақымбетова Күмісай:

«Ақ  бауыр»

  Ашық аспан астында орналасқан ғажайып тарихи кешен. Бір көргеннен көздің жауын алатын, энеолит кезінде қалыптасқан обсерваториялық нысан. Мен «Ақ бауырға» барғанда керемет әсерге бөлендім. Оның негізгі мақсаты- уақытты дәл ме – дәл анықтау екенін, күнтізбе ретінде пайдаланғандығын біліп, тасқа салынған суреттерді , бұғылар, жылқылар,тау ешкілерінің суреттерін көрдік. «Ақ бауырда» орналасқан үңгірше ішіне кіріп, толғандыратындай әсер алдық. Төбесіне қарасақ -жүрек тәрізді пішін сол үңгірде тасқа салынған суретердің тағы бір түрі,қызыл жосамен салынған суреттерді көрдік. Өзіме бұл саяхат керемет ұнады, ерекше бір сезімге бөленіп, демалып, жақсы бір әсер алып қайттым!!! Әрине алдағы уақытта да осындай саяхатқа барсам ба деймін. «Ақ бауыр» аты да затына сай, сондағы орналасқан таулардың бауырға ұқсастығы, бір қызығы тастардың жылдан жылға бір пішінді түзеп, қалпында сақтап қалуында.

Тараза Әміржанова:

 Қадіріне жете білсек төрткіл дүниеге ұялмай көрсетуге лайықты құнды дүние көп. Олар қазақ жерінде де бар. Таулары тарих, даласы дастан қазақтың кең жерінде тұнығы бұзылмай тұнып тұрған жәдігерлер жетерлік. Солардың бірегейі – «Ақбауыр» тарихи астрологиялық нысаны. Әлі күнге дейін толық зерттеліп, құпиясы ашылмаған нысанның бүгіп жатқан сыры әлі жетерлік. Тарихшылардың айтуы бойынша, б.з.д. 5-3 мың жылдықта өмір сүрген адамдардың жазық дала бетінде салынған обсерваторияға ұқсас дүние жүзінде санаулы ғана ескерткіш бар. Англия  өзінің Стоунхэнджімен мақтанса, қазақ елі «Ақбауырмен» мақтана алады. Біз өзіміздің оқытушымызбен барып, осынау таңғаларлық ашық аспан астында орналасқан кешенге көріп қайттық. Бір байқағаным, бұл кешеннің жайдан -жай тұрғызылмағаны айдан анық. Барлығы дәлдікпен орналасқан тастарды көріп таң- тамаша болдық. Тауда айнала жүргенде үңгір қабырғасында қызыл күрең жосамен салынған суреттерді көресің. Төбесі қуыс, іші конус тәріздес күркеге ұқсайтын үңгір, әсіресе, оның кіре берісіне қарсы жерге суреттер салынған негізгі қабырғасы көп адам табынатын киелі орын болған деседі. Оның алдындағы алаңда жылдың белгілі бір мерзімінде үлкен діни жиындар, құрбандық шалу т.б рәсімдер өткізілген. Тасқа салынған суреттер әр алуан. Суреттердің мазмұны да өте күрделі. Мұғалімнің айтуынша, «Ақбауырға» баратын сәтті күндер 22 наурыз . Болашақта тағы барып қайтуды жоспарлаудамыз.

 Аруна Бидахметова:

«Ақбауыр» кешені

«Ақбауыр» –көне тарихи ескерткіш. Ол Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданында орналасқан. 28 -ші қыркүйек күні біз өз тобымызбен тарихи ескерткішке барып қайттық. Біз ол кешенге барғанда керемет әсерге бөлендік.  Онда барғанда тарихи астрологиялық ескерткіштерді қызықтадық, қызыл жосамен жазылған жазулар,ежелгі адамдардың бейнесін, жылқы,бұғылардың және т.б суреттерін көрдік. Осы Ұлан ауданында орналасқан «Ақбауыр»  жалғыз, әрі қайталанбас кешен. Оның Шығыс Қазақстан облысында орналасқанына біз мақтанышпен қарауымыз керек. Өкінішке орай, адамдардың теріс әрекеттерінен ескерткіштерге зақым келуі өкініш тудырады. Сондықтан, өз жерінің патриоты, әсересе жастар оған ерекше қамқорлықпен қарап,  болашақ ұрпаққа сақтап қалуға ат салысулары абзал. Тарихи кешенге саяхат өте қызықты, әрі әсерлі және пайдалы болды.

Жансая Қанатова:

Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданында 70 жылдан артық көптеген зерттеушілердің назарын аударып жүрген «Ақбауыр». Оның тарихта алатын орны ерекше. Бұл жерге баруға кімде болсын құмар. Маған «Ақбауырға» саяхат қатты әсер етті. «Ақбауыр» шоқысының өзі байырғы адамның ойынша дүниенің ортасы, әлемдік тауға баланған. «Ақбауырды» аралап жүріп ондағы тастардан неолит дәуіріндегі салынған суреттерді көптеп кездестіресің. Тау етегіне тақау үнгірше орналасқан.Үңгірдің қабырғасында қызыл жоса сырымен көптеген суреттер салынған. Әрбір адамға «Ақбауырға» барып қайтуға кеңес берер едім.

Бақытжан Макаримов

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru