Тыныш өмір сүру үшін

14 қарашада Өскемен қаласы әкімдігінің «Жастар орталығы» КММ бастамасымен, ҚАЕУ-де қылмысқа қарсы тұру мәселесі бойынша оперативті жиналыс болып өтті.


      ҚАЕУ колледжі студенттері және білім алушыларымен кездесуге жастар орталығының қызметкері Жандос Қапанов, ЖПҚ полиция қызметкері Рүстем Мағадиев, кеңес милициясының оперативтік бөлімшелерінде ұзақ жыл қызмет еткен, қазіргі кезде полицияның ерікті көмекшілері штабының бастығы, отставкадағы полковник Виктор Колтыгин қатысты.
       Кездесуде жаңада ғана құрылған әмбебап полицейлер қызметі мен 2 жыл бұрын құрылған полицияның ерікті көмекшілері отрядының мақсат мен міндеттері жайлы сөз болды.
       Студенттер азаматтардың құқықтары мен міндеттеріне қатысты көп сауалдар қойды.
     - Қаладағы қылмыстық ахуалды сауықтыруға облыс ЖОО мен колледждерінің студенттік отрядтарының белсенділері елеулі үлес қосуда. Бұл істе жастарға Қазмырыш, титан-магний комбинаты, “Казгипроцветмет” ЖШС ұжымдары үлгі көрсетуде - деп атап көрсетті Виктор Васильевич Колтыгин.
     Өткен жылы Фарида Мигманованың жетекшілігімен ҚАЕУ заң мамандықтары студенттері полицияның ерікті көмекшілері штабымен белсенді серіктестік жұмысын жүргізді. Біздің студенттер заң мамандықтарынан басқа мамандықтардың полицияға көмек көрсету отрядының сарбаздарына арнайы пәндер бойынша дәрістер оқыды.
Фарида ҚАЕУ студенттерін, полицияның ерікті көмекшілері отряды қатарына ене отырып, белсенді азаматтық ұстанымға, қоғамға және өз қаласына пайдалы болуға шақырды.