Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

ҚАЕУ дарындары-2013

ҚАЕУ – де «ҚАЕУ ДАРЫНДАРЫ - 2013» байқау- конкурсы болып өтті.


     Бағдарламада әр жанрларда 20- дан астам нөмерлер белгіленді: аспапты музыка, рэп, өзіндік жанр, эстрадалық жеке дауыс, КТК, хореография, хип-хоп, брейк данс және басқалары.
     Байқау- конкурсқа қатысушыларды ҚАЕУ президенті, ҚР ҰҒА академигі Е.Мәмбетқазиев құттықтады:
    - Барлық студенттерді «ҚАЕУ дарындары» байқау-конкурсының ашылуымен құттықтаймын. Осындағы бәрің дарындысыңдар. Сендер үшін 20 жыл бұрын мен осы университетті құрдым. Бүгінде өздеріңнің ең батыл жоспарларың мен армандарыңды жүзеге асыра алатындай болуларың үшін. Барлық әртістерге сәттілік тілеймін!
     Кешті жүргізушілер Мәлика Қасымова, Шындос Жанболатұлы конкурсқа қатысушылардың нөмерлерін жариялап отырды, ал конкурсшы-студенттер көрермендерді өз дарындарымен қуантудан жалықпады.
Бүкіл конкурстың сәнін келтірген - «ҚАЕУ патшайымы- 2013» атағының иегері Байтемірова Айдана болды.
      Көрермендер үшін күтпеген жақсы жайт–бүлдіршін қонақ, Аяулым Құралдық болды. Өзінің жастығына қарамастан, ол «Жұлдыздар фабрикасына» және қалалық дарындылар конкурсына қатысқан болатын.
     Көрермендер ҚАЕУ әнші студенттері Григорьева Мария, Загороднева Алена, Маслюк Алена, Мұратов Серік, Мұратов Берік, «Квинтет» тобына біріккен Мирас Русланұлын, Бисенғалиева Жібекті, Ғабдуллина Назымды және басқаларын қызу қарсы алды.
   Көрермендерге «За бугром», «Орта жүз», «Седьмое небо» және «Болашақ» КТК командалары жайдары көңіл мен мол әзіл-сықақ сыйлады. Биыл байқауда көңілділер мен тапқырлар командалары өкілдігі едәуір өсті. Орындаушылар қуаныш ахуалын еркін түрде жеткізе білді. Әсіресе көрермендердің күлкісін туғызған студенттік өмірден алынған қызық жайттар көріністері болды.
     Би нөмерлеріне де көрермендер масаттанды. Мадина Қайыпованың домбырада шығарманы шебер орындауы және Жансаяның көркем сөз оқуы ерекше әсер қалдырды.
   

Жеңімпаздар әр атауларда анықталды және де әділ қазылар алқасына соншама дарынды студенттердің арасынан үздіктерін анықтау оңайға түскен жоқ. Жеңімпаз атанғандар:
Русланұлы Мирас- «Әнді жеке үздік орындау» атауында;
«Квинтет» тобы - «Әнді топпен үздік орындау» атауында;
Мадина Жеңіс және Әдәл Сейітхан «Танго» биімен - «Үздік би» атауында;
«Болашақ» КТК командасы - «Ең шығармашылық (креативті)нөмер»;
Мадина Қайыпова- «Суырып салмалық » атауында;
Жібек Бисенғалиева мен Назым Ғабдуллина дуэті - «Көрермендер сүйіспеншілігі жүлдесі» атауында.
Байқау қонағы Аяулым Құралдық «ҚАЕУ жас дарыны» атауында.

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru