Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Kсения Тупик –универсиадаға қатысушы

Ксения Тупик – ҚАЕУ студенті, ҚР спорт шебері, сноубордтан Қазақстанның үш дүркін чемпионы, Италиядағы XXVI Әлемдік қысқы универсиаданың қатысушысы болды.


   Жарыстарға 50 елден, жасы 28-ге толмаған және студент болып табылатын, спортшылар қатысты. Маңыздылығы және ауқымдылығы жағынан Универсиада Олимпиадалық ойындармен теңестіріледі.
Универсиада қорытындылары бойынша Ксения сенімді түрде бірінші ондыққа енді. Ол басты спорттық студенттік жарысқа қатысудан алған өз ойларымен бөлісті.
    - Италия бізді жылы қарсы алды. Универсиада Трентино қаласында өтті. Ландшафты біздің өлкеден өзгеше. Онда таулар басым, жазықтар, су және орман алқаптары әлдеқайда аз. Біз үшін күрделі трасса дайындалған: рельефті тау бөктері, төмпешіктер, жиі бұрылыстар. Мұның бәрі, тақтайдан құламас үшін және трассадан өту үшін, аса зор назарды талап етеді.
      - Сен өз нәтижеңе ризасың ба?
    - Менің бәсекелестерім мықты болды. Бұлар жыл сайын Әлем Кубоктарына қатысатын және тұрақты түрде ондыққа енетін спортшылар. Мен өз нәтижеме ризамын, өйткені универсиада қорытындылары бойынша 55 физпоинттарға ие болдым, олар менің рейтингімді көтереді және Әлем Кубоктарына қатысу үшін жол ашады.
     - Біздің спортшылар үшін қандай жағдайлар жасалды?
    - Қабылдаушы жақ барлығын жоғары деңгейде ұйымдастырды. Біздің спортшылардың қалай орналасқанын тексеру үшін Қазақстанның премьер-министрі Серік Ахметов келді. Ол тіпті тау бөктерінде шаңғымен сырғанауға бел шешті. Маған оның нұсқаушысы болуды сұрады. Мен оның нұсқаушысы болғанмын. Алғаш рет біз алматылық бөктерлерде жаттыққанбыз. Қолайлы сәтті пайдаланып, тік және жайлауыт бөктерлерде қалай сырғанау керек екендігі жайлы кеңестер берумен қатар, премьер-министрмен толғағы жеткен мәселелермен де бөлістім. Мәселен, менің киген формам, тіпті алдын-ала өлшемін жасаса да, өлшемі жағынан біршама үлкен болатын, біздің спортшылардың тәуліктіктері белгіленген мөлшерден бірнеше есе аз болатын және жалпылай алғанда спортшыларды қаржыландыру жағы жеткіліксіз болды. Серік Ахметов айтқандарымның бәрін еске алатынын және жағдайды түзетуге тырысатынын айтты.
     - Болашаққа жоспарларың қандай?
   - Жаттығуды және жаттықтыруды жалғастыру. Жарыстардан басқа, мен ШҚО Балалар жасөспірімдер мектебінде жұмыс істеймін, ал жақында маған сонымен бірге Республикалық жоғары спорттық шеберлік мектебінде жұмыс ұсынды. Екі жұмысты қатар атқаратын боламын. Мен үшін басымдықтардың бірі ҚАЕУ-де оқу болып табылады. Қаңтар айында Ресей және Еуропа Кубоктары болады. Осы жарыстарға қатысуға дайындаламын.

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru