Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ ҚАЕУ-ДЕ

Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары шеңберінде Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаттары ҚАЕУ студенттерімен кездесті.

Парламент Мәжілісінің депутаттары Зухра Саяпова, Николай Кузьмин және Виктор Киянский Қазақстан халқына Президент Жолдауы жайлы әңгімеледі. 2050 –де қазақстандық жол қандай болуы керек? Барлық қазақстандықтардың ортақ мақсаттары, ортақ мүдделері, ортақ болашағы неде? Стратегияны жүзеге асырудағы жастардың рөлі қандай?
   -Неге шығысқа келдік? Мұнда күн ертерек шығады және сендер, шығысқазақстандықтар, бәрінен тез және ерте өмір сүресіңдер. – деп атап көрсетті Виктор Киянский. - Өңірдің көптеген инновациялық жобаларды жүзеге асырудағы көшбасшы саналатыны кездейсоқ емес. Неге ҚАЕУ– ге келдік! Менің байырғы досым және қызметтесім Ережеп Мәмбетқазиевтің шаңырағының жанынан өтіп кетуге және оның ұжымына сәлем бермеуге болмайды. Білімдегі бірқатар бастамалардың басында тұрған ол, үнемі алдын–ала бағамдайды. Сондықтан алғашқылардың бірі болып жеке меншік еркін университет құрып, бүгінде Елбасының халыққа Жолдауында қойған көптеген міндеттерді жүзеге асырып үлгерді.
   Депутат Зухра Саяпова азаматтық патриотизм, толеранттық жайлы сөз қозғады. Қазақстан халқы Ассамблеясы – бұл кіші БҰҰ, толеранттық – басқа көптеген елдерде саяси орындылыққа көрсетілген құрмет болса, бұл қазақстандықтардың ділі. Қазақстанға репрессияланған және жер айдалған адамдардың көбін аштықтан қазақтың құрты құтқарған жылдар болғаны анық.
   Депутат Николай Кузьмин біздің өңірде ойдағыдай жүзеге асып жатқан шағын және орта бизнес, индустриалды-инновациялық жобалар жайлы айтты. Қазақстандағы шикізат қорлары сарқылымды, сондықтан да Елбасы жастарды 2050 инновациялық-технологиялық стратегияға атсалысуға шақырады.
ҚАЕУ студенттері өз кезегінде депутаттарға білімдегі реформалар, экология, мүгедектерді жұмыспен қамту мәселелері бойынша сауалдар қойды.

Ғабдулл Маутқанов


Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru