Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

«Жас Зерде» байқауы студенттердің ғылыми әлеуетін ашады

2014 жылдың 31 қаңтарында Алматы қаласының Халықаралық Бизнес Академиясында «Жас Зерде» атты маркетингтік және әлеуметтану зерттеулері саласындағы студенттік ғылыми жұмыстардың бірінші халықаралық байқауы өткізілді.

IMG 0146Байқау ТМД және алыс шетелдер ЖОО-ның барлық тілек білдірген студенттері үшін ашық сайыс болды. Оған маркетингтік және әлеуметтану зерттеулеріне жататын студенттердің өздігімен орындаған аяқталған ғылыми- зерттеу жұмыстары ұсынылды.  Байқау екі бағыт бойынша жүргізілді: әрқайсысында өз жеңімпаздары болған, маркетингтік және әлеуметтану зерттеулері.

Бұл сайысқа ҚАЕУ атынан мемлекеттік тілде оқытатын «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының 4 курс студенттері: Оралбекқызы Әйгерім, Айтыкешов Қуаныш, Мамедолданова Альмира, Солтанов Архат

IMG 0155

 және олардың ғылыми жетекшілері, «Бизнес» кафедрасының аға оқытушысы Мамырбекова Динара Самарқанқызы қатысты.
Біздер «Тұрғындардың әлеуметтік жағдайымен сәйкес келмейтін баға белгілеу саясатының мәселесі (Шығыс Қазақстан облысы мысалында)» атты тақырыпта зерттеу жұмысын ұсындық. Байқауға қатысқан жұмыс нақтылы маркетингтік міндетті шешу жолдары, негіздеу мен қойылымнан тұрды және таңдап алынған тақырыпты ашып көрсетуде оның ішкі тұтастығы мен логикалық сабақтастығы болды.
Студенттердің халықаралық деңгейдегі осындай ауқымды іс-шараға алғашқы рет қатысып отырғанын ескерсек, олар алған бар теориялық білімдерін ойдағыдай қолданып қана қоймай, оларды табысты да тиімді пайдаланып және жаңа идеяларды тудыра алатындарын дәлелдеді. Байқау талаптарының жобаларға командалық жұмысты қарастырғаны аса маңызды болды, сондықтан да қойылған зерттеу міндеттерін тікелей шешумен қатар, студенттер бір-бірімен тиімді өзара іс-қимыл жасауға үйренді, мұның өзі қазіргі кездегі бәсекелестікке қабілеттілік дүниесінде маңызды екені белгілі.

Команда құр қол қайтқан жоқ, ол жалпы есепте 4 орын, «Мәселеге жаңа көзғарас» номинациясы бойынша жеңіс, университет ректорына алғыс хат, байқау демеушілерінен жүлде мен кәдесыйлар әкелді. Ғылыми жұмысты «Кселл» АҚ, «BankRBK» АҚ және «Менеджмент и маркетинг» кафедрасы атап өтті. Балалар байқаудың өзінен және ХБА студенттік бөлімі ұйымдастырған Алматы қаласына қызғылықты саяхаттан ұмытылмас әсер алып, жаңа достар мен таныстар тапты..
Бұл біз бағындырған соңғы шың емес, алдымызда өте қызықты көптеген іс-шаралар күтіп тұр, ал «Жас Зерде» сияқты кәсіби байқаулар осындай қызмет үшін тамаша алаң және ғылым саласында жаңа жетістіктер, үлкен шығармашылық мүмкіндіктер және ғылыми әлеует үшін кезекті саты болып табылады.

«Бизнес» кафедрасының аға оқытушысы,
Динара Самарқанқызы Мамырбекова

IMG 0129 IMG 0164


     

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru