Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Мистер ҚАЕУ-2014

ҚАЕУ–де бірегей және көптен күткен іс–шара - "Мистер ҚАЕУ-2014" батылдық пен сұлулықтың байқауы өтті. Соңғы рет бұл байқау университетте алты жыл бұрын өткізілген. Күшті, дарынды, ақылды мен әдемі жігіттерді көруге келгендер ҚАЕУ мәжіліс залын лық толтырды.

Талапкерлердің арасында бірінші курстықтар мен студ-клубтың атақты кейіпкерлері және жалпы университет өмірінің белсенділері: Шындос Жанболатұлы («Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы, 1 курс), Александр Никипелов («Шетел тілдері мамандығы, 1 курс»), Ғалым Оразбеков («Заңтану» мамандығы, 2 курс), Никита Александров («Халықаралық қатынастар» мамандығы, 2 курс), Саят Қамидолдин («Экономика» мамандығы, 3 курс), Денис Ухов («Шетел тілдері» мамандығы, 3 курс ) болды.

Табан тірескен күрес болып, байқау өте жақсы болып шықты. Зал лық толып, жанкүйерлер қызу қолдау көрсетті. Жігіттер өздерін әр қырларынан көрсете білді: олар дефилеге қатысып, өз қабілеттерін көрсетіп, ақыл, логика және ептіліктерімен таңдандырды.

Соңында әділ қазылар шешімімен байқау жеңімпаздары аталды:
Шындос Жанболатұлы - «Мистер ҚАЕУ- 2014»;
Александров Никита - «Мистер Сыпайылық ҚАЕУ- 2014»;
Ухов Денис- «Мистер Бірегейлік ҚАЕУ- 2014».

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru