Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Біздің күшіміз көптілділікте

А.Пушкин атындағы облыстық кітапханада Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастамасы бойынша тілдерді дамыту және қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы аясында үш, мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгерген 18 жастан 31 жас аралығындағы жастар үшін «Тіл шебері» атты байқау өткізілді.

Қазақстан-Американдық еркін университеті атынан байқауға Айдана Байтемірова («Менеджмент» мамандығының 2 курс студенті) және Раушан Әлібекова ( «Аударма ісі» мамандығының 1 курс студенті) қатысты.

Қатысушылардың білімдері әртүрлі байқауларда тексерілді. Жарыс қорытындылары бойынша Айдана қатысқаны үшін алғыс хатты иемденді. Раушан үшінші орын алып, оған сыйға шаңсорғыш тапсырылды.

- Бұл менің университеттегі оқуым кезіндегі алғашқы байқауға қатысуым, - дейді Раушан. – Көптілділік - мен оқитын ЖОО–дағы негізгі басымдықтардың бірі. «Тіл шебері» байқауы маған үш тілде еркін сөйлеу дағдысын дамытуға көмектесті. Мен тек тілтануда ғана емес, сонымен бірге көпшілік алдында сөйлеудің жақсы тәжірибесін жинадым. Үшінші жүлделі орын, менің болашақ жеңістерім жолындағы алғашқы қадамым деп ойлаймын, өйткені бұдан әрі де осындай байқауларға қатысуға ниеттімін.

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru