Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Болашақ заңгерлер үшін өткен олимпиада

2014 жылдың 26 ақпанында Қазақстан-Американдық еркін университетінде, университеттің 20 жылдық мерейтойына арналған Шығыс Қазақстан облысы колледждері арасында заңтану бойынша өңірлік Олимпиада болып өтті. Сайысқа Семей гуманитарлық– заң колледжі, Құмаш Нұрғалиев атындағы колледждің, Шығыс Қазақстан Заң колледжінің, Шығыс Қазақстан менеджмент және технологиялар колледжінің, Қазақстан-Американдық еркін университеті колледжінің студенттері қатысты.

Сайысты, ШҚО ІІД кадрлық жұмыс Басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторі Э.С.Әбіжанова, ШҚО бойынша білім Басқармасы техникалық және кәсіптік білім Бөлімінің басшысы Қ.А.Оспанғалиев; ҚР ТЖМ төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің №11 өрт сөндіру бөлімшесінің қарауыл бастығы Т.Е.Хакімов, олимпиадаға қатысушы командалар жетекшілері, PhD докторы К.О.Әлімбаев, з.ғ.к., доцент, Бизнес, құқық және педагогика факультетінің деканы Г.А. Мензюк, бағалады.

Олимпиада, мемлекет және құқық теориясы, конституциялық құқық, әкімшілік құқық, азаматтық құқық, азаматтық процесс, қылмыстық құқық, қылмыстық процесс бойынша білімдерін тексеретін бірнеше кезеңнен тұрды. Студенттер логикалық есептер шешіп, жастар арасында тәртіп бұзушылықтың алдын алу мәселесі жайлы бейне-роликтер көрсетті. Ең қызықты байқау «Тұрыңыздар, сот келеді!» атты байқау болды. Бұл қатысушы командалар түзететін, әдейі жасалған процессуалдық қателері бар, көрнекі қылмыстық процесс.

- Күрес тартысты болды, - деп атап көрсетті, Бизнес, құқық және педагогика факультетінің деканы, з.ғ.к., доцент Г.А. Мензюк, қорытынды сөзінде.- Бұған таңдануға болмайды, өйткені бүгін бізде заң колледждерінің зияткерлік элитасы жиналып отыр. Заң құқығының барлық салаларынан білім талап етілді. Сендер үздік білімдеріңді және жоғары даярлық деңгейін көрсеттіңдер. Барлық қатысушыларға колледждеріңді ойдағыдай аяқтап, оқуларыңды университетте жалғастыруларыңды тілеймін!

Олимпиада қорытындылары бойынша құрметті бірінші орынды Шығыс Қазақстан Заң колледжінің студенттері жеңіп алды. Бұл үшін бакалавриат бағдарламасы бойынша ҚАЕУ түссе, оқуларына 20% жеңілдікке сертификаттар алды. Екінші орынды ҚАЕУ колледжінің студенттері иемденді. Үшінші орын Шығыс Қазақстан менеджмент және технологиялар колледжінің студенттеріне бұйырды. Олимпиада жүлдегерлері де бағалы сыйлықтармен, ШҚО білім Басқармасының құрмет грамоталарымен, ескерткіш сертификаттармен марапатталды.

«Құқық және халықаралық қатынастар» каф. меңгерушісі,
з.ғ.к., доцент Ю.А.Гаврилова

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru