Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Американдық студенттердің Өскемен қаласындағы іс-тәжірибесі

Халықаралық ынтымақтастық аясында Қазақстан-Американдық еркін университеті дәстүр бойынша 8 ақпаннан 6 наурыз аралығында, Вашингтон штатының Сиэтл қаласы Нортвест Университетінің медбике ісі факультеті студенттерінің тобын өзінде қонақ ретінде қабылдады. Бұл факультеттің оқу жоспарында шығарушы курстың соңғы семестріндегі міндетті құрамдасы, халықаралық іс- тәжірибе болып табылады.

Шетелдік студенттер Рик Бьюстром, Адрия Граб, Молли Иванс, Таня Оркиола, Эшли Волкот Қазақстанға медбике ісі факультетінің деканы доктор Карл Кристенсенмен бірге келді. Олар Өскемен қаласының ауруханаларында іс-тәжірибеден өтіп, Қазақстандағы медбикелер жұмысын ұйымдастыру және науқастарды күту жүйесімен танысты. Сонымен қатар, Қазақстан-Американдық еркін университетінің оқу үдерісі мен студенттік іс-шараларға қатысып, қазақстандықтардың дәстүрлері және әдет-ғұрыптарымен танысты.

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru