Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

ҚАЕУ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ГРАНТЫ ТАБЫС ЕТІЛДІ

Оны жаратылыстану- математикалық бағыты бойынша оқушылар арасындағы Республикалық олимпиадаға қатысушы - Семей қаласы №6 МГ оқушысы Ажар Қарыпбаева иеленді. Сонымен бірге ҚАЕУ-де оқуға жеңілдікті, математика, физика, ақпараттану саласында дарынды балаларға аоналған облыстық арнайы мектеп- лицейінен Николай Саблин, Семей қаласының Шәкәрім атындағы орта мектептен Әйгерім Серікжанова алды. Сертификаттарды ҚАЕУ вице-президенті Дэниел Бэлласт тапсырды.

Сонымен, Қазақстан-Американдық еркін университеті қабырғасында жаратылыстану-математика бағыты бойынша Республикалық олимпиадаға қатысушыларды қарсы алды. Дарындылар университеттің оқу дәрісханаларын, мұражайды аралап, оқытушылар және студенттермен танысты. Әрине, олар, жыл сайын оқу сабақтарын жүргізу үшін университетке келетін АҚШ оқытушыларымен ағылшын тілінде әңгімелесуге мүмкіндік алды. Қонақтарды ОЖ және ББ жөніндегі вице-президент Галина Конопьянова құттықтады. «Co-ServeInternational» ұйымының президенті Маршалл Кристенсеннің, американдық тараптан ҚАЕУ вице-президенті Дэниел Бэлласттың сөйлеген сөздері, жас дарындардың ерекше қызығушылығын тудырды. Американдық бағдарламаның артықшылықтары жайлы шетел тілдері кафедрасының меңгерушісі Юлия Новицкая айтып берді. Америкада халықаралық іс-тәжірибеден өткендері жайлы өз алған әсерлерімен ҚАЕУ студенттері Қанат Сағидолдин мен Александра Тыныбекова бөлісті.

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru