Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Жер жүзін айналып шығу- дипломаттың көзғарасы

Жас ғалымдардың IV халықаралық форумы аясында «Құқық және халықаралық қатынастар» кафедрасы заң мамандықтары студенттеріне арнап, «Жер жүзін айналып шығу- дипломаттың көзғарасы» атты лекторийдің таныстырылымы болып өтті.

Бұл жоба кафедра меңгерушісі, з.ғ.к. Юлия Александровна Гаврилованың бастамасымен 2014 жылдың 1 ақпанында жүзеге асыруға жіберілді. Өскемен қаласының мектептері мен колледждерінде халықаралық қатынастар негіздерімен оқушыларды таныстыру мақсатында «Жер жүзін айналып шығу- дипломаттың көзғарасы» атты біліми-танымдық курс өткізіледі.

«Халықаралық қатынастар» мамандығы оқытушалары мен студенттері - Савелий Александрович Мужчиль, Мария Шадрина, Томирис Әбілова, Қанат Сағидолдин, Максим Беляев, Никита Александров, Нұрқасен Атабаев және басқалары лекторий қатысушылары атанды.
- Іс жүзінде біз оқушыларға жаңа дүние– болашақ мүмкіндіктер дүниесін ашамыз,- деп Никита Александров өз әсерлерімен бөліседі, - ертерек өз жоғары білімі жайлы ойлаудың және болашақ мамандығын таңдап алудың тамаша мүмкіндігін сыйлаймыз.

Студенттер аталмыш мамандыққа оқудан алған әсерлерімен бөлісіп, шетелдерде оқу мүмкіндіктері жайлы айтып, сонымен бірге басқа елдердің мәдениетімен таныстыратын танымдық көріністер қойып, туристер қандай қателіктер жібермеу керек екендігі жайлы түсіндіреді. Курс аясында зияткерлік ойындар өткізіліп, адам құқығы жайлы базалық білімдер беріледі. Лекторий ерекшелігі, осының бәрінің ағылшын тілінде жүргізілуінде. Тыңдаушыларға сертификаттар тапсырылады.

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru