Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

ХАЛЫҚ БАТЫРЫН МӘҢГІ ЕСТЕ САҚТАУ

ҚАЕУ Президенті ҚР ҰҒА академигі Ережеп Мәмбетқазиев аты аңызға айналған Қабанбай батырдың ескерткішінің ашылуына қатысты.

Рәсім Отан қорғаушысы күні 7 мамырда болып өтті. Қолбасшының қола мүсіні Семейден Өскеменге кіре берістегі төбедегі биікте орналасқан.  

Ескерткіштің ашылуына белгілі қоғам қайраткерлері, жазушылар мен ақындар келді. Мұнда солтүстік және оңтүстік астанадан, Семейден, еліміздің басқа да қалалары мен ауылдардан қонақтар жиналды.

- Біз олардың ерліктерін ешқашан ұмытпаймыз, сонымен бірге батырларды балаларымыз да біліп, есте сақтауларына бәрін де жасаймыз–деп атап көрсетті облыс әкімі Бердібек Сапарбаев өз сөзінде. - Батырлардың мұндай патриотизмі біздің жерімізде әрдайым бейбітшілік болып, еліміздің тәуелсіздігіне ешқандай қауіп төнбеуі үшін маңызды.

Мереке қонақтарына ауқымды театрландырылған көрініс ұсынылды, оны осында жиналғандардың барлығы тамашалады. Ойластырылған сценарий бойынша  Қабанбай батыр өз семсерін жаңа ұрпақ батыры, «Жас Ұлан» мектебінің тәрбиеленушісіне берді. Бұл ұрпақтар сабақтастығының, бабаларымыздың батырлығына деген құрмет пен дәріптеудің жарқын көрінісі болды. 

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru