Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

БАРША ЖҰРТ ЖАҚСЫ КӨРЕТІН ПАТРИК

 

ҚАЕУ–де Патрик Клеланд Митчеллдің 70 жылдық мерейтойын атап өтті. Компьютерлік технологиялар докторы (PhD), INTEL (США)  компаниясының жетекші инженері, қазір ҚАЕУ профессоры, міне 14 жыл бойы Өскеменге келіп, студенттерді заманауи ақпараттық  технологияларға оқытады.

-Біздің досымыз және пікірлесіміз, - деп сипаттайды мерейтой иесін ҚАЕУ Президенті, ҚР ҰҒА академигі Ережеп Мәмбетқазиев. – Көптеген американдық әріптестер арасында, университет қалыптасуы мен дамуында Патриктің рөлі мен қосқан үлесі ерекше.

Қазақтың дәстүрі бойынша американдық мерейтой иесінің иығына шапан жабылды.

Патрик –үнемі күлімдеп жүретін жылы шырайлы американдық, ол ҚАЕУ–ін ең бейнелі түрде көрсететін адам. Үнемі мейірім мен жылу шашып тұратын ол, студенттерді өзіне тартып, әріптестерінің шын пейілді құрметіне бөленіп, оларды ұзақ жылдық достыққа тартады. Мұны өз құттықтауларында университет басшылары, әріптестері мен достары, бұрынғы және бүгінгі студенттер атап өтті. Патриктің үйінде болғандар оның қонақтар кітабындағы жазбалардың көптігіне таңданады. Мұнда оның қашанда  сенімді серіктесі, қонақжай зайыбы Ярославаның рөлі зор. Өздерінің ризашылығының белгісі ретінде, студенттер өз ұстазы жайлы фильмнің тұсаукесерін жасады.

- Патрик Митчелл -  бізге өз отбасымен келген бірінші шетелдік оқытушы,  онымен бірге зайыбы Ярослава мен қызы  Мелоди да келді, - деп атап көрсетеді ҚАЕУ вице-президенті Галина Конопьянова. – Міне бір жыл емес, екі жыл емес, бақандай 14 жыл олар Қазақстанға бірге келіп, тұрып, жұмыс істейді. Патриктің қатысуымен болатын конференциялар мен  семинарларға қатысқандардың барлығы оның бірегей ерекше сөз сөйлеуін есте сақтап қалған.  

Патрик күнделікті тәжірибесінде американдық әріптестер  айтатын, көшбасшылық құндылықтар ұстанымдарын жүзеге асырады. Ең бастысы– бұл Патриктің студенттермен орната алатын қарым –қатынастары.

- Мен баршаларыңызға маған деген жылы қатынастарыңыз, құттықтауларыңыз үшін ризамын,–деп атап өтті  Патрик жауап сөзінде. –Өз мерейтойымды ҚАЕУ–де қарсы алып жатқаным кездейсоқтық емес. Бүгінде мен үшін  осында сабақ беруден құнды ешнәрсе жоқ. Осы кезеңнің басында мен студенттерге қандай ықпал ете алатынымды білмедім. Алайда мен алдыма мынадай міндет қойдым – оларға өз мақсаттарына қол жеткізуге жәрдемдесу. Біз қашанда білімнен де артық бір нәрсе бергіміз келеді. Мен бір адамға–әрдайым маған серіктес болатын зайыбыма алғысымды білдіргім келеді.

Осы сәтте Патрик өз ата–анасын есіне алды, олар еңбекқор болатын, отбасының олар үшін ерекше  мәні болды. Әкем білімді бағалай білген, сондықтан болар, балаларының барлығы білім саласында еңбек етуде.

  - Егер естеріңізде болса, бірнеше жыл бұрын мен әлемдік қаржы дағдарысы жайлы айтқан болатынмын. Сонда мәселені шешетін сапалы білім деп атап өткенмін. Естеріңізде болар, мен сонда ерекше бір зат жасағанмын, – «Да. Да.Да»  деп жазылған сөздері бар жеңіл жейдені көрсету үшін, көйлегімді шешкен болатынмын.

Ғабдұл Мәуітқан

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru