Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

ЕЛГЕ ШЕБЕР ЖҰМЫСШЫ ҚОЛДАРЫ ҚАЖЕТ

ҚАЕУ Президенті, ҚР ҰҒА академигі Ережеп Мәмбетқазиев «ТжКБ-де оқытудың дуалды жүйесін енгізудегі жұмыс тәжірибесі» атты III Республикалық форум жұмысына қатысты.

Форум ҚР премьер-министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықованың, білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіповтің, еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың, Шығыс Қазақстан облысының Әкімі Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен өтті. 

Бүгінгі таңда өте өзекті мәселелерді талқылауға, «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ АҚ, кәсіпкерлердің Ұлттық палатасы, ««ҚазМұнайГаз ҰК» АҚ, ОЮЛ «ҚР білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақтарының Одағы» және кәсіподақтар Федерациясы өкілдері, ҚР барлық өңірлерінің білім басқармалаларының, ұлттық компаниялар өкілдері, дуалды жүйе саласындағы халықаралық сарапшылар қатысты.  

Форум аясында  «Ерекше мамандық» атты көрме өтті, оның мақсаты Қазақстанның басқа облыстарында жоқ  мамандықтар бойынша кадрлар даярлау үшін, республика кәсіпорындарынан серіктестерді жұмылдыру.

Еліміздің стратегиялық дамуы еңбек өнімділігін өсіруді қарастырады, -деп атап көрсетті Тамара Дүйсенова өз сөзінде, ол үшін жаңа еңбек ресурстарын қалыптастыру қажет. 2015-2017 жылдарға алдын- ала болжам бойынша жұмысшы кадрларының жетіспеушілігі күтілуде. Бұл демографиялық ахуалмен байланыстырылады, 90-шы жылдардағы туудың төмен болуымен. Міне осы дағдарыстық онжылдықта туылғандар техник –мамандар мен жұмысшылардың сиреген қатарын толықтырулары тиіс. Қазір жоғары сұраныс болып отырғанда, еңбек күштерінің келуі төмен болады деп болжануда. Сондықтан да мемлекет үшін кадрларды даярлау мен қайта даярлау мәселелері және ТжКБ-ге оқытудың дуалды жүйесін енгізу аса маңызды болып отыр.

  -  Мұндай форумды өткізудің орны болып Шығыс Қазақстан таңдалғаны кездейсоқ емес, - деп атап көрсетті білім және ғылым  министрі Аслан Сәрінжіпов. – Бұл осы индустриалды дамыған өңірдің  техникалық және жұмысшы мамандықтарын даярлаудағы, оларды даярлаудың нақтылы  дуалды жүйесі бойынша жақсы жолға қойылған алдыңғы қатарлы тәжірибесі болуымен байланысты. Форум аясында бірқатар ұсынымдар жасалымы бағамдалады.  Олардың нәтижелері бойынша осы күздің өзінде «Білім туралы» Заңға бірқатар түзетулер енгізу жоспарланған.

Кәсіпкерлердің Ұлттық палатасы басқармасы төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаевтің ұсыныстары қызығушылық туғызды. Ол мамандарға деген тапсырысты жұмыс беруші қалыптастыруы тиіс, және де түлектерді тек қана ҰБТ-ге және жоғары білім алуға ғана ұмтылдыру тәжірибесінен арылатын кез келді деп атап көрсетті.

Кездесу қорытындысында Білім және ғылым, Еңбек және әлеуметтік қорғау министрліктері, ШҚО әкімдігі және де ел облыстарының кәсіпорындары мен колледждері арасында халықты жұмыспен қамту саласында ынтымақтастық жайлы меморандумға қол қойылды.

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru