Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Екі құрлық студенттерінің кездесуі

Қазақстан-Американдық еркін университетінің оқу ғимаратында ҚАЕУ студенттерінің Оклахома штаты университетінің іс-тәжірибеде жүрген студенттерімен кездесуі болып өтті.

Американдық студенттер өздері, өз университеттері, қай мамандықтарға оқып жүргендіктері жайлы айтып берді.

- Қазақстанға келіп, осы ел, оның мәдени және тарихи байлықтары жайлы көбірек білу— өмірде бір рет болатын мүмкіндік, ерекше және есте қалатын бір нәрсе істеу мүмкіндігі, — деп «Философия» мамандығының  3 курса студенті Алек Дагэрти өз ойымен бөлісті.

ҚАЕУ студенттері үлкен қызығушылықпен қонақтарға студенттік және спорттық өмір, оқу үдерісі, академиялық адалдық, Қазақстан жайлы алған әсерлері жайлы сауалдар қойды.

Кездесу екі елдің студенттеріне өзара түсіністікті дамытып және мәдениаралық қатынастың елеулі тәжірибесін жинауға мүмкіндік берді.

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru