Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

БОЛАШАҚ ЖАСЫЛ ЭКОНОМИКАДА

IMG 4243

ҚАЕУ Президенті, ҚР ҰҒА академигі Ережеп Мәмбетқазиев «Жасыл экономика – адамзат болашағы» атты ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысына қатысты. Өскемен, 24 мамыр.

Конференция  Нобель сыйлығының  иегерлері Курт Вютрих (Швейцария) және Святослав Тимашевтің (Ресей) қатысумен өтті. «Алтай»  технопаркіндегі дөңгелек үстелге әлемге әйгілі ғалымдар Клаус Тиссен, Джузеппе Эрамо, Лали Бердзенешвили, Алексей Кавокин, Салтанат Рахымбекова, Күләш Шәмшедиева қатысты. Форум жұмысы бизнес өкілдері, Финляндия, ОАР  елшілік миссиялары және Ресей Федерациясының Бас Консулының үлкен қызығушылығын тудырды. Қонақтар «OSKEMEN EXPO-2014» ғылыми-техникалық жетістіктер көрмесімен танысты, көрме баламалы қуат көзі мен қор сақтау саласындағы Шығыс Қазақстан облысының әлеуетін кеңінен ашып көрсетті.

- Біздің көрмеміз бен конференция 7-ші Астана экономикалық форумының қисынды жалғасына айналды, – деп атап көрсетті, пленарлық отырысты ашқан, өңір басшысы Бердібек Сапарбаев.  – Тұңғыш рет Қазақстанда өңірлік деңгейде  «EXPO-2017» көрмесіне алдын- ала даярлық көрмесі өткізілуде.

Өңірдің экономикасының өсуімен байланысты  электроэнергиясын тұтыну тек артып отырады, деп одан әрі атап көрсетті, «жасыл»  экономиканың кейбір қырларына тоқталған, облыс Әкімі.  Сондықтан да су-, жел-, жылу-, күн энергетикасы – бұл болашақта бағдар алатын түрлері. Осыған орай, конференцияға қатысушылар, бүгінгі күннің өзінде нақтылы өнім беретін жобаларды өз көздерімен көре алды. Өңір Қазақстанның инновациялық өнімінің 25 пайызын өндіреді.

- «Қазақстан-2050» президенттік стратегияның аясында біздің мекеменің алдында зор міндеттер тұр, – деп атап өтті  қоршаған орта және су ресурстары вице-министрі Ерлан Нысанбаев.  – Бұл дегеніміз көлікті экологиялық таза отынға көшіру, инфрақұрылымды құру, электромобилдер құру деген сөз. ЭКСПО-2017 даярлық кезінде,  болашақтың энергиясын құру мен қолдану жөніндегі әлемдік үздік тәжірибені зерттеп және пайдалану қажет. Біз алдымызға батыл мақсаттар қоямыз - 2050 жылға қарай баламалы энергияның үлес салмағын 50 пайызға жеткізу.

Нобель сыйлығының иегерлері  Курт Вютрих пен  Святослав Тимашевтің, РҒА Орал бөлімшесінің «Машиналардың үлкен жүйесінің сенімділігі мен ресурстары» ҒЗО директорының сөйлеген сөздері, конференцияға қатысушылардың үлкен қызығушылығын тудырды. «Жасыл экономиканы» қалыптастырудағы өз көзғарастарымен,  Германиядан келген белгілі ғалым  Клаус Тиссен, іргелі физика Жерорта теңіздік институтының президенті  Джузеппе Эрамо (Италия), Халықаралық білім қауымдастығының президенті Лали Бердзенешвили (Грузия), «Киото Нейтроникс» компаниясының президенті Такаша Камен (Жапония), ҚР Парламент Сенатының депутаты Сергей Плотников, «жасыл» экономика мен даму үшін ҚР G-Global Коалициясы басқарма төрайымы Салтанат Рахымбекова бөлісті.

Сол күні Нобель сыйлығының иегерлері Курт Вютрих және  Святослав Тимашевпен, ғалымдар Клаус Тиссен, Джузеппе Эрамо, Алексей Кавокинмен облыс ЖОО ғалымдары, педагогтері, студенттерінің кездесулері болып өтті.  Кездесу модераторы облыс Әкімі Бердібек Сапарбаев болды, ол осы бір ерекше кездесудің маңыздылығын атап өтті.

Осы кездесу барысында ҚАЕУ президенті, ҚР ҰҒА академигі Ережеп Мәмбетқазиев КСРО кезінде біртұтас болған республикадағы білім мен ғылым мәселелеріне қатысты өз пікірін ортаға салып, Ресейдегі білім және ғалымдардың жағдайын сұрастырды.

- Мен Қазақстандағы білім жүйесі бүгінде қандай екенін айта алмаймын, өйткені мұнда 20 жыл болған жоқпын, – деп жауап қайтарды, Святослав Тимашев.  - КСРО кезінде ғылыми кадрларды даярлауда ерекше айырмашылық болған жоқ. ЖАК бұрынғы кеңестік орта азиялық және солтүстік кавказдық республикаларда қорғалған диссертацияларды тым ерекше назар қойып қарайтын. Дегенмен үздік ғалымдар барлық жерде де болды. Ресей ғылым академиясын реформалауға дейін ғылыми қызметкерлердің жалақысы өте төмен болатын. Сондықтан да жас дарынды адамдар әр салаға, көбінесе бизнеске кетті. Қазір академияны қайта құрғаннан кейін, біз тек оған ғана емес, сонымен қатар ҒҰФА (Ғылыми ұйымдардың федералдық  агентсттігіне) де қараймыз. Тиісінше жалақымыз да үш -төрт есе өсті. Менде дарынды жас қызметкер айына екі мың долларға жуық, кейде 2.5 мың алады. Алайда бұл үшін гранттарға күресіп, оларды жеңіп алу керек. Біздегі негізгі мәселе – бұл, ғалымдарымыздың нәтижелеріне өнеркәсіпте сұраныстың болмауы. Менің бүгін осында көріп отырғанымнан, Қазақстан бұл мәселеде Ресейден және Беларустан да алда тұр деген пікір туады.

87 жастағы Германиядан келген ғалым Клаус Тиссен ғұламалар жылыстауы жайлы, КСРО кезінде қалыптасқан зияткерлік әлеуетті тиімді пайдалану қажеттілігі жайлы атап өтті.

  Кездесу барысында баршаның үлкен ықыласын туғызатын көптеген мәселелер талқыланды.

Ғабдұл Мәуітқан

 

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru