Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Оклахома шт. Бизнес факультетінің деканы Дэвид Хьютонның семинарлары

 

Қазақстан-Американдық еркін университетінде «ModernTrendsinBusinessEducation»/ «Бизнес–білімдегі заманауи үрдістер», «AssessmentandContinuousImprovementinEducationalPrograms»/ «ЖОО білім бағдарламаларын жетілдіру жолдары және тиімділігін бағалау», «MarketingStrategy: ConsumersOrientedDecisionMaking»/ «Маркетингтегі стратегиялар: тұтынушылардың сұранымдарына сәйкес шешімдер қабылдау» (орыс тіліне аударумен) атты тақырыптар бойынша ағылшын тілінде семинарлар өткізілді.

Семинарларды Оклахома штаты университетінің профессоры, Бизнес факультетінің  деканы, доктор Дэвид Хьютон даярлады. Бірінші семинарда профессор бизнес-білім саласындағы мәселелерді талдап, студенттерді даярлау саласындағы оңды және теріс жақтарын атап көрсетіп, АҚШ университеттерінде студенттерді қолдау тәсілдері мен бақылау әдістері жайлы баяндады. Профессор Оклахома штаты және бакалавриат пен магистратураның 86 мамандықтары бойынша даярлайтын өз университеті жайлы әңгімеледі.

Екінші семинарда Дэвид Хьютон студенттердің білімін бағалау өлшемдеріне жан- жақты тоқталып, сонымен қатар тыңдаушылардың сауалдарына жауап берді. Сауалдардың бір бөлігі АҚШ-да ЖОО-ын аккредиттеумен байланысты болды, сонымен бірге оқытушылар жарияланымдарына қойылатын талаптар айтылып, жоғары оқу орындарын аккредиттеу рәсімінен мысалдар келтірілді. Қазақстандағы өлшемдермен салыстырылып, ОПҚ дәрежелілігі мәселелері де талқыланды. Профессор АҚШ ЖОО оқытушысы үшін өз еңбектерінің ғылыми журналдар мен конференциялар жинақтарында жариялаудың үлкен маңызы бар екендігін, 7 жылда салалық тақырыпнама бойынша жетекші беделді журналдарда екі жарияланым болуы тиіс екендігін, ал 7 жылда жалпы саны  5-тен кем болмауы керек екендігін атап өтті. Бұл өлшенім, мамандар даярлау бойынша мемлекеттік тапсырыспен қатар, қай мамандық келесі 7 жылда аккредиттелетіндігі  жайлы шешім қабылдау үшін негізгілердің бірі болып табылады.  Профессор сонымен қатар, АҚШ-дағы қашықтықтан оқыту жайлы және мамандарды сырттай даярлау, аталмыш бағдарламалар бойынша оқытушыларды іріктеу жүйесі мен оқыту әдістері  жайлы да баяндады.

Үшінші семинарда Дэвид Хьютон АҚШ-ғы маркетингтік негізгі стратегияларды ашып көрсетіп, тауарды жарнамалауға толық тоқталып өтті. Сонымен қатар, жоғары білімді алға жылжыту, АҚШ ЖОО мен колледждеріне талапкерлерді жұмылдыруда брендтер мен жарнамаларды қолдану, оқу кезінде студенттердің басқа ЖОО-на ауысып кетпеуі үшін, олардың құрамын сақтау жөніндегі маркетингтік стратегиялар мәселелері қарастырылды.   

Жалпы, шетелдік ЖОО деканы баяндаған мәселелер сипаты Қазақстандағы жоғары білім мәселелерінен соншалықты өзгеше емес, мұның өзі әртүрлі салаларда жаһандану үдерісі бүкіл әлемді шындығында қамтығанын және дүниежүзілік экономикалық дағдарыспен байланысты мәселелер барлық елдерге жаппай қатысты екенін көрсетеді. Профессор сонымен бірге, АҚШ-ғы демографиялық мәселелерді де атап, халықтың санының жетіспеушілігі университеттерге түсетіндерге қойылатын талаптардың төмендеуін тудырғанын, ал несиелер мен жеңілдіктердің икемді жүйесі, көп мөлшерде болмаса да,  талапкерлерді тартуға және студенттер құрамын сақтауға мүмкіндік туғызатынын ашып көрсетті.

 Семинарларға ҚАЕУ, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ, Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ оқытушылары, ҚАЕУ колледжі мен ӨК ЭҚК оқытушылары, қала кәсіпорындары, А.И. Герцен атындағы РМПУ (Санкт-Петербург) өкілдері қатысты.

Семинар аяқталған соң, оған қатысушыларға Қазақстан-Американдық еркін университетінің мансап және тұлға дамуы Орталығының сертификаттары тапсырылды.


Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru