Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Англиядағы шетелдік машықтану

Қазақстан-Американдық еркін университетінің оқытушылары Қазақстан Республикасы ЖОО педагогикалық мамандықтар оқытушылары біліктілігін арттыру  бағдарламасы бойынша шетелдік машықтануға қатысуға іріктеуден өтті. Аталмыш іріктеуді «Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлтық орталығы» АҚ өткізген болатын.

«Шетел тілдері»  кафедрасының оқытушылары – Қызыкеева Алма Бақытбекқызы мен Максимова Ксения Валерьевна 3-і мен 12 маусым аралығында Норидж лингвистикалық институтында Қазақстан университеттері оқытушыларына арналған курсқа қатысады (Норидж қаласы, Ұлыбритания). Новицкая Юлия Васильевна, Герсонская Валентина Владимировна және Елаков Владимир Вячеславович 16-сы мен 27 маусым аралығында Ньюкасл Университетінде ЖОО-да оқыту дағдыларын дамыту жөніндегі семинарға қатысады (Ньюкасл қаласы, Ұлыбритания).

Машықтанудан өткен соң ҚАЕУ оқытушылары 2 сертификат алады, «Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлтық орталығынан  Қазақстан Республикасы педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курсын аяқтағаны жайлы сертификат және шетелдік университеттен сертификат алады.

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru