Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Жылдың үздік оқытушысы

         Қазақстан–Американдық еркін университетінің 20 жылдық мерейтойына арналған іс–шаралар шеңберінде 20 қаңтар мен 23 мамыр аралығында  «Жылдыңүздікоқытушысы»  байқауы өтіп, оған университеттің штаттағы оқытушылары қатысты. Байқау екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңді кафедраның ішінде ( 20 қаңтардан 20 ақпанға дейін) декандар мен кафедра меңгерушілері ұйымдастырды. «Жылдың үздік оқытушысы» атағына үміткерлер оқытушы қызметінің сапалық және сандық көрсеткіштерін сипаттайтын құжаттарды ұсынды (байқау туралы Ережеге сәйкес):

–академиялық, ғылыми дәрежесінің,ғылыми атағының болуы;

–соңғы 3жылда ғылыми зерттеулерді орындауы;

–соңғы 3жылдағы ғылыми жетістіктері;

–соңғы 3жылда ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлауы;

–соңғы үш жылдағы ғылыми-әдістемелік жұмыстары;

–студенттің ғылыми-зерттеу жұмысына және шығармашылық жұмысына жетекшілік;

–оқу үдерісінде инновациялық оқытып-үйрету технологияларын қолдануы;

– белгіленген үлгі бойынша институционалдық зерттеулер Орталығы жүргізген «Оқытушы студенттер көзімен» сауалнама нәтижелері.

Ішкі кафедралық кезең жеңімпаздарының материалдары университет байқау комиссиясына берілді.

Екінші ішкі университеттік кезеңін ( 15 ақпан мен 23 мамыр аралығында) байқау комиссиясы жүргізді. Ұсынылған құжаттар мен  ашық сабақтарды зерттеу негізінде, байқау комиссиясы  екінші айналымға қатысушыларды жинаған баллдар сомасы бойынша рет-ретімен қойып, ағымдағы жылдың  30 мамырына дейін Ғылыми Кеңесте бекітуге жеңімпаздар туралы ұсыныс жасады.

Байқауға қатысушылардың педагогикалық шеберліктерін  бағалау үшін, кафедралардың оқу-әдістемелік,  ғылыми-зерттеу және тәрбие жұмыстарын белсенді түрде жүргізетін, ең білікті оқытушылары арасынан комиссия бекітілді. Байқау комиссиясы 6 адамнан тұрды, ол оқу жұмысы және білім бағдарламалары жөніндегі вице-президент, э.ғ.к., доцент Конопьянованың Г.А. төрағалығымен өз жұмысын жүргізді. Университет кафедралары «Мониторинг және білім сапасы басқармасына» (МжБСБ) байқауға қатысу үшін кафедралар отырысы хаттамаларының көшірмелерін берді. Байқауға қатысушылардың барлығының МжБСБ-на нормативтік құжаттар талаптарына сай және сараптамадан өткен байқаулық сабақтардың әдістемелік жасалымдарын алдын-ала берілгенін атап өту қажет.

Байқау комиссиясының мүшелері байқаулық сабақтарды талдау барысында жақсы және әлсіз жақтарын атап көрсетіп, студенттерді оқытуды жетілдіру жөнінде ұсыныстар жасады. Байқаулық сабақтар ашық болды, сондықтан да оған университет кафедраларының профессорлық – оқытушылар құрамы тәжірибе алмасу және кәсіби білімдер, шеберлік пен дағдыларды меңгеру, заманауи отандық және шетелдік педагогика, психология және  оқу пәндерін оқытудың әдістемесін зерттеу, оқыту және тәрбиелеудің заманауи технологияларын меңгеру, педагог тұлғасының шығармашылық зияткерлік әлеуетін дамыту мақсатында қатысты.

Байқау комиссиясының шешімімен оқытудың заманауи әдістері, түрлері мен мультимедиялық технологияларды міндетті түрде қолданумен сабақтарды өткізудің еркін түрі анықталды. Байқаудың екінші кезеңіне қатысқандар:

КайгородцевА.А. – э.н.д., ККСОН доценті;

Четтыкбаев Р.Қ.– «Бизнес» кафедрасының аға оқытушысы;

Елаков В.В., Герсонская В.В. – «Шетел тілдері» кафедрасының аға оқытушылары;

Кожуганова Д.З. – PhD докторы, «Құқық және халықаралық қатынастар» кафедрасының аға оқытушысы;

Искендирова Ф.В. –PhD докторы, «Педагогика және психология» кафедрасының аға оқытушысы;

Косынцева А.В. –«Педагогика және психология» кафедрасының оқытушысы.

Байқау барысында дәрістік, тәжірибелік және зертханалық сабақтар өткізілді. Негізінен барлық қатысушылар инновациялық әдістер қолданды.

Аға оқытушы Искендирова Ф.В. ашық тәжірибелік сабағы «Психология» мамандығының 2 курс студенттеріне «Команда құрудың технологиясы» тақырыбына жүргізілді. Сабақ барысында бұрын оқылған материал бойынша білімдерін бекіту және тереңдету мақсатында, командада жұмыс техникасымен танысты: «Ақыл- ой шабуылы», «Стратегиялық ықпал» және тиімді тыңдау техникасы.

Аға оқытушы Кожуганова Д.З. «Заңгердің кәсіби этикасы» пәні бойынша тәжірибелік сабақ өткізіп, сабақты ұйымдастыру үдерісімен байланысты кәсіби шеберлігін көрсетті. Сабақтың басты мақсаты, сабақ үдерісінде студенттердің шығармашылық жұмысын қамтамасыз ету және олардың өздігімен шығармашылық ойлауын дамыту болды. Жоғарыда көрсетілген мақсатты белсенді әдістермен жүзеге асыруға қол жеткізілді, өйткені сабақ, оқытудың әртүрлі әдістеріне толы болды: мәселені талқылауды қамтамасыз ететін дөңгелек үстел; кәсіби тәжірибе элементтерін меңгеруге көмектесетін іскерлік ойын;  білімді, деректерді жүйелеуге және тәжірибелі шеберлікті жетілдіруге ықпал ететін,   нормативтік-құқылық актілерді талдау. Сабақ тек оқытудың көрнекі құралдарымен ғана емес, сонымен қатар шынайылыққа жақын бейне сұхбатпен жабдықталып, оқу материалының құрылымы мен өзара байланысын көрсетті.

Аға оқытушы Елаков В.В., «Елтану» пәні бойынша дәріс оқыды. Сабақ оқытудың заманауи инновациялық әдістемелерін қолданылуымен жоғары әдістемелік деңгейде өткізілді. Сабақ өткізу барысында оқытушы қойылған мақсаттар мен міндеттеріне, дәрістік сабақтың бүкіл барысын сауатты түрде құрылымдап, ұйымдастыруға,  үздік тапсырмалар арқылы студенттердің танымдық қызметін белсендіруге қол жеткізді. Елаков В.В. кәсіби құзіреттілігін, оқытудың заманауи әдістемелерін меңгерудің жоғары деңгейін көрсете алды.

Аға оқытушы Четтыкбаев Р.Қ. «ОСWindows ядросын икемдеу және ОСLinux- пен танысу» тақырыбына зертханалық сабақ өткізді. Зертханалық жұмыстың бүкіл барысы диалог түрінде құрылып, оқытушы студенттерді әрбір орындалған тапсырманы талқылауға ынталандырды. Сабақтың басында бұрын оқылған тақырыптар бойынша жедел сауалдама ұйымдастырылып, зертханалық сабақтың мақсаттары мен міндеттері белгіленді. Одан кейін орындауға есеп беріліп, студенттер өз білімдерін қолданып осы есепті шешті, артынан жергілікті қорытындылар жасалды. Четтыкбаев Р.Қ. дәріс сабағындағы теориялық материалда кездесетін жайттарға ерекше назар аударды. Соңында СӨЖ үшін тапсырмалар жасалды.

 Тапсырманы орындаудың бүкіл үдерісі проекторға шығарылды, сөйтіп әр студенттің компьютерінде не болып жатқанын көруге мүмкіндік болды.  Кез келген студентте бір қателік пайда болғанда, барлық студенттер бұл қателікті көре алды және де өз жұмысында оны қайталамауға тырысты.

Байқаулық сабақтар өткізу қорытындылары бойынша «Жылдың үздік оқытушысы» анықталды, олардың ішінде: Кожуганова Динара Зайнелқызы, Четтыкбаев Руслан Қайратұлы, Елаков Владимир Вячеславович. Жеңімпаздарға сертификаттар мен ақшалай сыйлықтар табыс етілді. 

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru