Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

РЕКТОР-ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ АР– ОЖДАНЫ

17 маусымда Қазақстан-Американдық еркін университетінде ҚР ҰҒА академигі, ҚАЕУ президенті Е.Ә. Мәмбетқазиевтің «Ректор айтар ақиқат» атты кітабының тұсаукесері болып өтті.

Тұсаукесер рәсіміне облыс, қала білім органдарының басшылары, өңір ЖОО ректорлары, әріптестері, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті бойынша автордың қызметтестері, Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің, жұртшылық, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.

  Е.Мәмбетқазиевтің жаңа кітабы – автордың тек білім мен ғылымның ғана емес, сонымен қатар бүкіл қоғамның өзекті мәселелерін зерделеуі, олардың себептеріне әділ баға беруі, ұлттық стратегиялық басымдық ретіндегі білім жүйесін одан әрі үйлестіруге, қазақстандықтардың әлеуметтік-экономикалық өмір жағдайын өркениет дүниесі өлшемдеріне сәйкестендіруге қол жеткізу жөніндегі нақтылы ұсыныстары.

Кітап қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде шығарылған және оқырмандардың кең қауымына арналған. 

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru