Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Қазақстан-Американдық еркін университетіне 20 жыл ЗИЯТКЕРЛІК «БОЛАШАҚҚА» БІРЛЕСІП !

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев облысымызға жақында болған жұмыс сапары барысында (24 маусым, бейсенбі), шығысқазақстандықтардың жоғары зияткерлік әлеуетін және өңірдің дамуындағы инженерияның рөлін атап өтті. Мұнда жақсы университеттер бар және аса маңыздысы, ол оқу мен ғылыми үдерістің өндіріспен тығыз өзара байланыста болуы. Шығыс Қазақстан мамандарды дуалды даярлауда көшбасшы болып отыр және осының өзі көп нәрсені білдіреді. 

Кездесу кезінде 1993-95 жылдардағы ҚР білім министрі, ҚАЕУ президенті, ҚР ҰҒА академигі Ережеп Мәмбетқазиев, білім мен ғылымның дамуына қосқан үлесі үшін Елбасына ризашылық білдіру мүмкіндігіне ие болды.

Республикамыздың Президенті  қазақстандық қоғамда нағыз зияткерлік еңбек сүйгіштікке табынудың қалыптасуына  үнемі баса назар аударады. Бұл қай кезде де маңызды орын алатын, ал  мемлекет қызметінің барлық салаларында  индустриалды-инновациялық жаңғыру жағдайында ерекше құндылыққа ие болады. Президентте мұндай инновациялық ниет,  Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы күндерінен бастап болды, оны ол өз командасынан да талап етеді. Дағдарысты 1993 жылы Елбасы маған, сол кезде өңірлік университет ректорына, отандық білімге басшылық етуге сенім білдірді. Жас егеменді мемлекеттің қалыптасуы жағдайында, қай бағытта және қалай алға басу бағдарын нық сеніммен анықтау қажет болды.

Осы бір қиын кезеңде Нұрсұлтан ­Әбішұлы отандық білімнің одан арғы тағдырын анықтаған өте дана шешім қабылдады - ол Еуропа, Америка және Азияның  дамыған елдерінің алдыңғы қатарлы білім жүйесіне кірігу болатын. Президентіміздің өзгертулерге деген батыл бағыты  және оның тарапынан болған нақтылы қолдауы, өз кезегінде мені қазақстандық білім мен ғылымда әлдеқашан пісіп жетілген өзгетулерді бастауға  итермеледі. Еуразиялық ұлттық университет, Өскеменнен кейінгі Акмолада, Атырауда, Павлодарда, Петропавловскіде және Талдықорғанда алғашқы бес өңірлік университеттер, сонымен қатар жеке меншік жоғары оқу орындары ашылды. Мұның бәрі президенттік «Болашақ» бағдарламасын қабылдау, мамандарды көпсатылы даярлау (бакалаврлар мен магистрлардың) қарсаңында жүрді. Алда тестілеу, барлық ЖОО–ын бір білім министрлік қарамағына беру, жоғары мектеп Академиясын құру, ЖОО–ын саралау, «Қазақстан жоғары мектебі» журналының алғашқы нөмірінің жарық көруі және басқада көптеген жаңалықтар болды. Көптеген ЖОО дербестік алды, оларды басқару ғылым мен білім саласында  көп еңбектері сіңген адамдарға сеніп тапсырылды. 

Жалпы бұл үдерістер отандық білімді тоқыраудан шығарып, қазақстандықтардың жаңа ұрпағы үшін әлемнің ең беделді ЖОО–да білім алудың бұрын мүлдем болмаған мүмкіндіктеріне жол ашты. Елге енді одақтық емес, әлемдік өлшемдерге сай мүлдем жаңа үлгідегі кадрлар өте қажет болды. Біз, еркін қазақстандықтар, сол кезде алғаш рет Еуропа мен Америкаға шауып терезе шығару, біздің дарынды жастарымызды әлемнің үздік университеттерінде оқыту қажеттілігі алдында тұрдық. Болашаққа жол міне дәл осындай болып көрінді. 

Сөйтсе де аса күрделі экономикалық дағдарыс пен әлеуметтік депрессия жағдайында дарынды балаларды үздік шетелдік ЖОО–да оқытуды көпшілігі тым шығынды жоба деп бағалады. Алайда Нұрсұлтан Әбішұлы сол кездің өзінде жастарға инвестиция жұмсаудың қашанда орынды екеніне нық сенімді болды. Түптеп келгенде халықаралық «Болашақ» бағдарламасы оның арнайы жарлығымен бекітілді.

 Жоғарыда аталған бағдарламаның 20 жылдығына арналған  форумда, Елбасы «Болашақты» егемен Қазақстан тарихының «алтын беттерінің» бірі деп сипаттады. Мұны сол кезеңнің негізгі бастамасына берілген жоғары баға деп қабылдау керек.

Болашаққа суырылып шығудың жарқын жобаларының бірі, 1994 жылы Қазақстанның шығысы Өскеменде, Халықаралық экономика және гуманитарлық ғылымдар  жоғары колледжінің ашылуы болды. Оның салтанатты ашылу рәсімі ел Президентінің қатысуымен өтті. Төрт жыл өткен соң, Елбасының өзінің қолынан оның тұңғыш түлектері  дипломдарын алады.

Бүгінде  Қазақстан-Американдық еркін университеті ретінде белгілі  бұл халықаралық серіктестік тұңғыш отандық ЖОО, өзінің 20 жылдығын атап өтуде. Осы кезеңде ҚАЕУ оқу үдерісі мен ғылыми-зерттеу қызметіне 455 шетелдік оқытушы мен мамандар қатысып, 625 студент пен магистранттар АҚШта кәсіби және мәдени-лингвисти­калық істәжірибеден өтіп, 4000нан  астам ағылшын тілін меңгерген мамандар даярланды Бұл нәтиже Президентіміздің елдің «БОЛАШАҒЫ» жайлы қамқорлығының арқасында мүмкін болды.

Елбасы қолынан өмірге жолдама алған елдің шығысындағы халықаралық серіктестік университетінің бүгінгі күні жыл сайын егемен Қазақстан игілігі үшін жоғары білікті мамандар шығара отырып, табысты дамуында да өзіндік бір белгі бар. 

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru