Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Қазақстан-Американдық еркін университетіне 20 жыл ЗАМАНАУИ БАСШЫЛАР ДИПЛОМДАРЫ

Өткен жұма күні «Іскерлік әкімшілік ету магистратурасы» (МБА  «Masterof Business Administration») бағдарламасы түлектеріне  тапсырылды.

Университеттің мерейтой жылында қаланың ірі кәсіпорындарының бірқатар басшылары мен мамандары заманауи менеджерлер мәртебесін алды. «АзияАвто» АҚ- нан МБА бағдарламасы бойынша бас технолог Виктор Михайлов, өндіріс жөніндегі директор Роман Зицер, техникалық бақылау бөлімінің бастығы Сергей Екимов білім алды. «ТМК»  АҚ-нан магистранттар тобын,  аға шеберлер Сергей Лошкарев пен Тұрар Сәрсембеков, қызметкерлерді оқыту жөніндегі маман Арайлым Кәрімова құрады.  ҚАЕУ МВА бітіргені жайлы дипломды, «Қазақстан теңге сарайы» РМК  коммерциялық мәселелер жөніндегі директорының орынбасары Әзия Ибраева, ЖК директоры  Динара Эркісбаева алды.

Жаңа диплом иелерін ҚАЕУ вице-президенті Галина Конопьянова, халықаралық бөлім басшысы Серік Әбілов, кафедра меңгерушілері мен оқытушылар құттықтады.

ҚАЕУ-дағы МВА бағдарламасы 2008 жылы, ҚАЕУ жетекші мамандары, «Евразия» Қоры,  AES корпорациясы басшыларының бірлескен күш- жігерімен құрылған болатын. МБА-дағы оқытушының негізгі артықшылығы, оның ересектер құрамымен жұмыс істеу шеберлігі, жоғары құзыреттілік және бизнес саласындағы кез келген сұраққа жауап беруге даярлығы болып табылады. Оның рөлі  тыңдаушыны қызықтырып, мәселе мәнін ашып  және оны шешу жолдарын көрсетуде болып есептеледі. Білім алушының міндеті – дұрыс шешім табу үшін мейлінше көп күш-жігер таныту.  Мұндай үдерісте оқытушы мен тыңдаушылар серіктес ретінде көрінеді.

  - ҚАЕУ базасындағы басшыларға арналған МВА бағдарламасы,  - деп атап көрсетті, былтыр болған бағдарлама тұсаукесерінде облыс әкімінің бірінші орынбасары Ермек Көшербаев,– бұл басқарудың халықаралық тәжірибесіне жасалған маңызды қадам. Біздің артықшылығымыз - мұндай бизнес-мектеп өңірімізде жұмыс істейтінінде.  Ол көбіне бизнес-құрылымға бағдарлануымен қатар, осындай даярлыққа мұқтаж басқа салалар өкілдерін, мемлекеттік қызметкерлерді  заманауи менеджментіне оқып-үйретуінің ерекше маңызы бар. Сондықтан бағдарлама икемді және қол жетімді болуы тиіс. Облыс басшылығы, өз кезегінде, оны жүзеге асыруда серіктес болуға даяр.

Уақыт тар көлемді маман шеңберінен шығуды талап етеді. Экономика,  маркетинг, іскерлік қатынас этикасын білу, халықаралық ұйымдарымен қатынасуда аса маңызды.  Сондықтан да МВА бағдарламасы, келешекте дамуға бағдарланған менеджерлер үшін аса өзекті болып табылады.

ҚАЕУ ақпараттық-талдау орталығы 

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru