Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

«Зияткерлік мұра» баспалық топтамасының тұсаукесері

2014 жылдың 15-қыркүйегінде жоғары оқу орнының 20 жылдығына арналған Мерейтойлық Конгресс аясында, Қазақстан-Американдық еркін университетінде «Зияткерлік мұра» баспалық топтамасының тұсаукесері болып өтті.

Өзін халықаралық серіктестік жоғары оқу орны ретінде көрсете отырып, Қазақстан-Американдық еркін университеті қызметтің ең көп салаларының әртүрлі деңгейдегі авторларына баспалық орындар қамтамасыз етіп, қазақстандық ғылыми және оқу-әдістемелік басылымның дамуына зор үлес қосты. Жоғары оқу орны баспалық жобаларының аясында ондаған құралдар мен монографиялар, жүздеген әдістемелік кеңестер мен нұсқаулар, жүздеген ғылыми мақалалар, конференциялардың мыңдаған баяндамалары жарық көрді.

«Зияткерлік мұра» топтамасында басылып шығарылған монографиялардың авторлары, Ресей мен Қазақстанның жетекші ғалымдары болып табылады – философия ғылымдарының докторы, Ресей мемлекеттік гуманитарлық университетінің Л. Выготский атындағы  психология Институтының  профессоры Лобастов Г.В., Түмен мемлекеттік  университетінің мемлекет теориясы мен құқық және халықаралық құқық кафедрасының доценті, заң ғылымдарының кандидаты Романчук И.С., филология ғылымдарының докторы, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының  профессоры Сүйінова Г.С., философия ғылымдарының докторы,  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ғылым Комитеті философия, саясаттану және дінтану Институтының бас ғылыми қызметкері, профессор, Хамидов А.А., педагогика ғылымдарының докторы, Қазақстан-Американдық еркін университетінің  профессоры Нәбиев Е.А., педагогика ғылымдарының докторы, Омбы мемлекеттік педагогикалық университеті  педагогика кафедрасының профессоры Петрусевич А.А., филология ғылымдарының докторы Котова Л.Н., экономика ғылымдарының докторы Кайгородцев А.А., филология ғылымдарының кандидаты, кафедра меңгерушісі Нұрланова Ә.Н.

         Басылып шыққан монографияларда қозғалған мәселелер арасында – көпшілік мемлекеттік билік пен билік қатынастары, түсті металлургия кәсіпорындарында күкірт қышқылы өндірісіне бақылаудың экологиялық қырлары, өскелең ұрпақты төзімділік мәдениетіне тәрбиелеу, тұлға қалыптасуының философиялық, психологиялық және педагогикалық мәселелері, Қазақстанның азық–түлік қауіпсіздігін талдау және  Республиканың денсаулық сақтау саласын басқару, ұлтаралық байланыс мәселелері, кедендік заңтану мәселелері және басқа да зерттеулер.

Қазіргі әлемде ақпарат көлемі оны игеру мен есте сақтау мөлшерінен артып отыр. Барлығымыз осы тасқынға үлгеруге ұмтыламыз, алайда ЖОО баспалық қызметі дегенмен де, ЖОО беделіне ұзақ жылдарға «жұмыс» істейтін түйіндірек және көлемдірек материалдар барын көрсетеді. Міне осында– негізгі күрделілік, алайда біз тіпті басқа ақапаратпен жұмыс істегенде де, сапалы нәтижелер сұранысқа ие болады,  негізгі оңды жағы да  осында. Жоғары оқу орнының ғылыми материалдары қоғамның элиталығын қалыптастыруға бағытталған, ал бұл дегеніміз – біз үнемі бағдарлануымызға тиіс өте жоғары биіктік.

Ғылыми қызметті дамытып, өткен табыстарды есте ұстай отырып, ҚАЕУ келешекте Ресей, Қазақстан және ТМД елдерінің жетекші ғалымдарымен ғылыми байланыстарды кеңейту мен дамытуға жоспарлар құрып, болашаққа сеніммен қарайды.

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru