Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

ҚАЕУ Хабаршысы

2014 жылдың16 қыркүйегінде жоғары оқу орнының 20 жылдығына арналған Мерейтойлық Конгресс аясында, Қазақстан-Американдық еркін университетінде Республикалық ғылыми басылым мәртебесі бар “Қазақстан-Американдық еркін университетінің Хабаршысы” журналының  10 жылдығына арналған іс-шара өтті.

Журнал 2005 жылы ашылып, облыстық органдарда мерзімдік басылым, ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінде Республикалық ғылыми журнал ретінде тіркеліп, ISSN топтамасының белгісін алды.

Басылып шығарылған журналдардың жалпы саны 2013 жылы 50 дананы құрады.

Алғашқы авторлардың ішінде–Одердегі Франкфурт қаласы, Германия, Еуропалық Виадрин Университетінің, Гёте-институтының тілдік оқу орталығының, Кливленд Мемлекеттік университетінің, Біріккен оқу Халықаралық институтының (Кинг Салмон қаласы, Аляска штаты) ғалымдары мен оқытушылары, “Senim” гуманитарлық ұйымы, “Corporation Kazakhstan” компаниясы; ӨКТМК АҚ, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ, «ӨК Жылу желілері» АҚ, Шығыс Қазақстан Облыстық Адвокаттар Алқасы, “Regency International” қосылған шипажайлар Маркетингтік агенттігі, «ШығысЭнергоТрейд»ЖШС; Қазақстан-Американдық еркін университетінің шетелдік және отандық серіктестері, Өскеменнің әртүрлі ЖОО оқытушылары.

Журнал шыға салысымен экологиядан мақалаларға  НИОКР республикалық реферативтік журналда сілтемелер жасалғанын атап өту керек, мұның өзі сонау 2005 жылдан бастап осы бағыттағы мақалардың техникалық құжаттама мен ғылыми-техникалық ақпарат Орталығы базаларында сілтемелерінің болуын қамтамасыз етті.

Журнал шыққан жылдарда оның авторларының  ішінде - Өзбекстанның М. Ұлықбек атындағы Ұлттық Университетінің, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық университетінің, Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің, Новосибирск мемлекеттік педагогикалық университетінің, М. Әуэзов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің, Сыктывкар мемлекеттік университетінің (Ресей), РФ ІІМ Түмен Заң институтының, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің, Түмен мемлекеттік университеті мемлекет және құқық Институтының, Қарағанды Мемлекеттік Техникалық Университетінің, И.И. Ползунов атындағы Алтай мемлекеттік техникалық университетінің, Т. Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық Университетінің, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің, Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің, Н.Г.Чернышевский атындағы Забайкалье мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық университетінің, инновациялық  Академиялық университетінің (Шымкент), Астафьев атындағы Краснояр мемлекеттік педагогикалық университетінің, Томск мемлекеттік университетінің, Әйелдер Педагогикалық институтінің (Алматы), Қазақ-Неміс Университетінің (Алматы), А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің, Б. Бейсенов атындағы Қарағанды заң университетінің, Халықаралық бизнес Университетінің (Алматы), С.Есенов атындағы Каспий технологиялар және  инжиниринг  мемлекеттік университетінің (Ақтау), Челябі мемлекеттік университетінің, Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық Университетінің, Маркетинг және Статистика Альметьев Мемлекеттік Институтының (Татарстан Республикасы), Санкт-Петербург экономика және басқару мемлекеттік институтының, Томск Ұлттық зерттеу мемлекеттік университетінің, К.Д. Ушинский атындағы Оңтүстік Украина ұлттық педагогикалық университетінің (Одесса), Алтай мемлекеттік  педагогикалық академиясының, Алтай геологиялық-экологиялық институтының, В.М. Шукшин атындағы Алтай мемлекеттік білім академиясының (Барнаул), ҚР минералды ресурстар Академиясының,     Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің, Таулы Алтай мемлекеттік университетінің (Алтай Республикасы), И. Раззақов атындағы Қырғыз Мемлекеттік техникалық университетінің, І. Жансүгіров атындағы Жетісу Мемлекеттік университетінің, «Тұран-Астана» университетінің, Алматы экономика және статистика академиясының, М.П.Драгоманов атындағы Ұлттық педагогикалық университетінің (Киев), «Украинадағы Висконсия Халықаралық Университетінің (АҚШ)»,  Украина-американдық гуманитарлық институтінің, Түркменстан ғылым Академиясының, Томск мемлекеттік архитектуралық-құрылыс университетінің, Жаратылыс тану ғылымдарының Қазақстандық Ұлттық Академиясының, Украинаның әуе қозғалысына қызмет ету Мемлекеттік кәсіпорнының, КИМЭП (Алматы), Қазақ-Орыс Халықаралық Университетінің (Ақтөбе), Ресей ұлттық кәсіптік-педагогикалық университетінің (Екатеринбург), Д. Серікбаев атындағы ШҚТМУ, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ, Қазақстан-Американдық еркін университетінің, ҚАЕУ колледжінің оқытушылары бар. «ҚАЕУ Хабаршысының» шыққан жылдары авторлар арасында – қала, облыс және Республика мектептерінің мұғалімдері, қала, облыс және Республика колледждерінің оқытушылары, балалар бақшаларының, көмекші білім және дәлдету мекемелері қызметкерлері, дарынды балаларға арналған мектеп мұғалімдері, студенттер, магистранттар, докторанттар, аспиранттар, жас ғалымдар.

Журнал шыққан жылдары авторлар арасында– тек білім мекемелерінің оқытушылары, ғалымдар ғана емес. Сонымен бірге әртүрлі кәсіпорындар мен мекемелердің қызметкерлері - «ШҚО жастар мен балалар ұйымдарының Қауымдастығының», облыстық А.С. Пушкин атындағы кітапхананың, «Үлбі» халыққа әлеуметтік қызмет көрсету Орталығының, «Облыстық балалар ауруханасы» КМҚК, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, «Сәбилер Үйінің», ҚР ұлттық қауіпсіздік комитетінің Республикалық емханасының, «Ресурстық орталық –қашықтан және салалық оқыту Мектебі» МБ, «Дарын» ШҚ РҰПО, «Арыс» баспасының (Алматы), «Шығыс Қазақстан Өңірлік «Алтай» ЖШС Технопаркінің, Павлодар облысы бойынша Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Департаментінің, «Өңірлік білім даму Орталығы» (Ресей), " Қазақстанның Тұрғынүй құрылыс жинақтау банкі"АҚ, Өскеменнің Шығыс Қазақстан өңірлік сот сараптамасының ғылыми-өндірістік зертханасы, «Шығыс Қазақстан арнаулы облыстық жасөспірімдер Үйі», Ақтөбе облысы табиғи ресурстар мен табиғатты қолдануды реттеу басқармасының, «Табиғи ресурстар мен табиғатты қолдануды реттеу басқармасы» су ресурстарын қорғау бөлімінің, «Алтай ботаникалық бағы» РМК, «Өскемен-Суқұбыры» МКК, Еңбекті қорғау және кәсібиаурулар Ұлттық орталығының, Балық шаруашылығы Қазақ ғылыми-зерттеу институтының, Денсаулық қорғау және экожобалау Орталығының, Шығыс Қазақстан гидрометеорология орталығының, ШҚО ТжКБ орталығы, Түркменстан қолжазбалар Ұлттық институтының.

Университет өз авторларын мақтан тұтуға құқылы, олардың ішінде–әр елдің студенттері және жетекші ғалымдары. Қысқаша айтуға болатыны–   журнал авторлары ішінде–  студенттен бастап министрге дейінгілердің көпшілігі ғылымда немесе өндірісте өз орындарын тауып, магистрлік немесе докторлық диссертациялар қорғады, өз санаттарын дәлелдеді немесе арттырды, ал ең бастысы  –қазақстандық ғылыми баспаның даму тарихына қадам жасап, өз есімдерін ғылыми журналдың беттерінде қалдырды.

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru