Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Колледж-жоғары оқу орны

Қазақстан-Американдық еркін университетінің  20 жылдығы аясында 2014 жылдың 16 қыркүйегінде «Құқық және халықаралық қатынастар» кафедрасы «Колледж-жоғары оқу орны» үздіксіз білімнің  ұйымдық-құқықтық мәселелері» атты өңірлік ғылыми-тәжірибелік семинар өткізді.

Семинар жұмысына Нәбиев Ерсайын– педагогика ғылымдарының докторы, профессор, экономика және қаржы колледжінің директоры; РовняковаИрина – педагогика ғылымдарының кандидаты, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры; Байеркенова Гүлмира – заң ғылымдарының кандидаты, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ доценті, Өскемен қаласы колледждерінің оқытушылары, Өскемен қаласы ЖОО ОПҚ, ғылыми қауымдастық өкілдері мен сарапшылар, мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Жарыссөзге PhD докторы Әлімбаев Қ.О., заң ғылымдарының кандидаты Гаврилова Ю.А., ҚАЕУ колледжінің аға оқытушысы Штанько Н.В., аға оқытушылар Ляпунова Н.Н., Абдрахманова А.К., қатысып, «ҚР үздіксіз білімнің нормативті-құқықтық реттеу мәселелері(ҚАЕУ «колледж-ЖОО» мысалында)», «Үздіксіз білімнің әдістемелік қырлары» атты және басқа тақырыптарға баяндамалар жасады.

Семинар соңында  ҚАЕУ құрылуының 20 жылдығына байланысты, «Құқық және халықаралық қатынастар» кафедрасының оқытушыларына грамоталар табыс етілді. Көп жылдық және адал еңбегі үшін, студенттерді тәжірибелік даярлаудағы, олардың шығармашылық белсенділігін дамытудағы табыстары, білім ұйымдарына белсенді көмектері үшін ШҚО білім беру басқармасының грамотасымен Әлімбаев Қайрат –Қазақстан-Американдық еркін университетінің доценті; Зайнутдинова Нүрия–Қазақстан-Американдық еркін университетінің аға оқытушысы марапатталды.

Өскемен қаласы мәслихатының грамотасымен көпжылдық, адал еңбегі үшін және  Қазақстан-Американдық еркін  университетінің  20 жылдығы құрметіне, студенттік даму орталығының директоры  Құдайберген Марат марапатталды.

Өскемен қаласының әкімі Қасымжановтың Т.Ж. грамотасымен көпжылдық, адал еңбегі мен жоғары білікті мамандар даярлаудағы жемісті жұмысы үшін Қазақстан –Американдық еркін университетінің аға оқытушысы АбдрахмановаАрдақ  марапатталды.

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru