Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Бизнес – Кеңесші

Қазақстан–Американдық еркін университетінің 20 жылдығына арналған мерейтойлық іс-шаралар аясында  2014 жылдың 17 қыркүйегінде «Бизнес» кафедрасы «Бизнес – Кеңесші» бизнес-ойынын өткізді.

Ойынның мақсаты сыртқы өзгерістерді бағалау мен талдаудың тәжірибелік дағдыларына ие болып және ұйымның жағдайын есепке алып, тиісті шешім қабылдау болып табылады. Жетістіктерге жеткен компаниялардың өзіндік белгілерінің бірі–кез келген өзгерістерге тұрақты жауап беріп отыру. Өзгерістердің қажеттілігін әсіресе үнемі ауысып тұратын жағдайларда қызмет бабына сәйкес басқаруға тура келетіндер тым сезінеді. Өзгерістерге бақылауды жоғалтып алмас үшін, ұйымның қолында бар  ресурстар мен мүмкіндіктерді дәл бағалап, пайдалану қажет.

Қазылар алқасына кіргендер:

Джеймс Ивенсон –ҚАЕУ құрметті  профессоры, өнер магистрі, Реджент колледжі, Британиялық Колумбия университеті, Портланд қаласы, Орегон штаты, АҚШ.

Азамат Бердібеков–ҚАЕУ аға оқытушысы

Гүлнәр Сәрсембаева –ҚАЕУ білім сапасы мен мониторингі басқармасының жетекшісі, аға оқытушы

ЮлияТрофимова –ҚАЕУ оқытушысы

Бизнес-ойынға қатысушылар үш топқа бөлініп, оның әрқайсысына жеке тапсырма берілді:

- №1 команда – «Өндірісті ұйымдастыру және технологиясын жетілдіру жөніндегі өз ғылыми-зерттеу бөлімін құру»

-№2 команда– «Басқару аппараты мен кейбір жетекші мамандардың біліктілігін арттырудың өз орталығын құру»

- №3 команда - «Өнімнің жаңа түрін игеру есебінен өндіріс қуатын  арттыру (алдын– ала болған  маркетингтік зерттеулер бұл өнімге сұраныс бар екенін көрсетті)»

Екі сағат бойы студенттер өз жұмыстарын талдап, аталмыш жобаның барлық оңды және теріс жақтарын атап көрсетіп, қаржыландыру нұсқасына жан–  жақты талдау жасады және дирекция алдында атқарылған жұмыс бойынша есеп берді.

Бизнес-ойынның нәтижелері бойынша  командаларға келесі аталымдар берілді:

№1 команда–«Басқару шеберлігі»

№2 команда–«Жаңа шешімдер енгізу»

№3 команда–«Жеке стиль және стандарттық емес тұрғыдан қарау»

Сонымен бірге жеке аталымдар:

МаринаКоденцева«Үздік кеңесші»

АлексейМуравьев«Үздік маркетолог»

ДаниилВоротников«Өзгерістер көшбасшысы»

Семинар соңында ҚАЕУ құрылуының 20 жылдығына байланысты «Бизнес» кафедрасының оқытушыларына грамоталар тапсырылды. Көпжылдық және адал еңбегі үшін, Қазақстан–Американдық еркін университетінің 20 жылдығы құрметіне Өскемен қаласы мәслихатының грамотасымен ҚАЕУаға оқытушысы АзаматБердібеков марапатталды.

Облыс мәслихатының грамотасымен көпжылдық және адал еңбегі, жоғары білікті мамандарды даярлаудағы үлкен жұмысы үшін –ҚАЕУ білім сапасы мен мониторингі басқармасының жетекшісі, аға оқытушы ГүлнарСәрсембаева марапатталды.

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru