Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ-СПОРТ КЕШЕНІ

Оның салтанатты ашылуы ҚАЕУ 20 жылдығын   тойлау аясында 18 қыркүйекте өтті және «Қалалық университет» жобасын жүзеге асырудағы маңызды қадам болды.

- Біз ұмтылған жобаның табысты жүзеге асқанына қуанышқа бөленіп отырмын.  – Деп атап көрсетті ҚАЕУ президенті, ҚР ҰҒА академигі Ережеп Мәмбетқазиев нысанның ашылу рәсімінде. -  Осылай қадам сайын ҚАЕУ өзінің материалдық базасын жетілдіруде және де біздің алға қарай жылжуымыз жаңа сапаға ие болуда.

 Университеттің 20 жылдығымен және спорт  кешенінің ашылуымен Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Бұлбұл Бәкінова, ҚАЕУ вице президенті Дэниэл Бэлласт, АҚШ–тан келген әріптестер,облыстық футбол қауымдастығы және Өскемен қаласы футбол федерациясының атқарушы директоры Оралбек Әділханов құттықтады…Дәстүрлі лента кесу рәсімі болды. 

-  Спорт кешенінің ашылуы ҚАЕУ қалыптасу жолындағы маңызды қадам -деп атап көрсетті  Маршаллл Кристенсен. – Және де бұл оның жиырма жылдық мерейтойында болып отырғаны атаулы    жайт.                                                       

          20 жылда ҚАЕУ спортшылардың саңлақтар тобын тәрбиелеп шығарды. Олардың ішінде 8 әлем чемпиондары, 14 Азия чемпиондары, дүниежүзілік студенттік универсиадаларының 6 чемпионы мен жүлдегерлері, 17 халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері мен 54 ҚР спорт шеберлері бар.

Алексей Полтаранин – еңбегі сіңген спорт шебері,  Сергей Черепанов – халықаралық дәрежедегі спорт шебері– олардың екеуі де шаңғымен жүгіруден әлем және Азия чемпиондары.  Геннадий Матвиенко, «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының ҚАЕУ студенті – шаңғымен жүгіруден  Трентино қаласындағы (Италия)  дүниежүзілік қысқы  универсиаданың чемпионы. ҚАЕУ хоккей командасының мүшелері Евгений Рымарев, Леонид Метальников, Алексей Грищенко сонымен қатар құрметті екінші орын алып,қысқы универсиаданың жүлдегерлері атанды. 

Светлана Полежаева – ескек слаломынан Азияның екі дүркін чемпионы, Степан Ларионов - байдарка мен каноэда есуден Азия чемпионы, Айгүл Сәбимолданова – армрестлингтен Азияның екі дүркін чемпионы. ҚАЕУ студенттері Анна Куликова және Андрей Шпак Самарқанд қаласындағы(Өзбекстан)15- Азия чемпионатында байдарка мен каноэда есуден екі күміс медаль иегерлері атанды.

Қазіргі кезде ҚАЕУ-де бірнеше спорт түрлерінен 7 секция жұмыс істейді, оларда  350 –ге жуық  студент спортпен айналысады. Олар жыл сайын қала мен өңірде өткізілетін спорттық іс-шараларға белсене қатысады.

Спортшылар атынан ҚАЕУ қалыптасу жолындағы табыстарымен университет президенті Ережеп Мәмбетқазиевті және оның командасын, шаңғымен жүгіруден әлем чемпиондары ҚАЕУ студенті Геннадий Матвиенко университет түлегі  және Сергей Черепанов құттықтады.

ҚАЕУ түлегі, көркем гимнастикадан спорт шебері Дарья Рыбалованың шәкірттері  Илона Рякова мен  Елизавета Мартынованың көркем гимнастикадан өнерлері мейрамды көркейтті.

Дене шынықтыру мен спорт кешенінің ашылу мерекесі футзалдан ҚАЕУ оқытушылары және  Өскемен қаласы әкімдігінің арасындағы  кездесумен аяқталды. 15:10 есебімен ҚАЕУ жеңіске жетті.

��ei ; ����нар соңында ҚАЕУ құрылуының 20 жылдығына байланысты «Бизнес» кафедрасының оқытушыларына грамоталар тапсырылды. Көпжылдық және адал еңбегі үшін, Қазақстан–Американдық еркін университетінің 20 жылдығы құрметіне Өскемен қаласы мәслихатының грамотасымен ҚАЕУаға оқытушысы АзаматБердібеков марапатталды.

Облыс мәслихатының грамотасымен көпжылдық және адал еңбегі, жоғары білікті мамандарды даярлаудағы үлкен жұмысы үшін –ҚАЕУ білім сапасы мен мониторингі басқармасының жетекшісі, аға оқытушы ГүлнарСәрсембаева марапатталды.

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru