Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСТІҢ САЛТАНАТТЫ ОТЫРЫСЫ

ҚАЕУ 20 жылдығы және оның президенті, ҚР ҰҒА академигі Ережеп Мәмбетқазиевтің ректорлық қызметінің 30 жылдығына арналған мерейтойлық мерекелік бағдарламаның негізгі оқиғасына айналды.

Бұл күні бас ғимараттың вестибюлінде ұлт аспаптар ансамблі ойнап тұрды. Кіре берісте қонақтарды ұлттық киім киген қыздар қарсы алуда. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, ҚАЕУ президенті Ережеп Мәмбетқазиев, Маршалл Кристенсен, Хью Холлман, Дэниэл Белласт, мейрамның көптеген қонақтары студенттердің ду қол шапалақтауымен, олар құрған дәліз арқылы жүріп өтті.

- Бүгін біз екі бірдей мерейтойды атап өтудеміз, – жүргізушілердің үш тілдегі осы сөздерімен Ғылыми Кеңестің отырысы ашылды. – Бұл халықаралық серіктестіктің тұңғыш жеке меншік университетінің құрылғанына жиырма жыл және осы бірегей жобаның авторы, оның негізін құрушы, елдегі және шетелдердегі танымал білім ұйымдастырушысы, ҚР ҰҒА академигі Ережеп Мәмбетқазиевтің ректорлық қызметінің 30 жылдығы.

Оның бастамасы және іждағатымен Қазақстанның Шығысында ҚазМУ мен ҚарМУ кейінгі республикадағы үшінші, классикалық үлгідегі Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, одан кейін халықаралық серіктестік тұңғыш университеті ашылды.

Облыс және қала басшылығы үнемі  Е.А. Мәмбетқазиевтің  реформаторлық қызметін бөлісіп, қолдау көрсетіп отырды.  Өңір әкімі Бердібек Сапарбаев бес жыл бұрынғыдай мерейтойлық Ғылыми кеңес жұмысына қатысып, американдық серіктестермен кездесті.

- Кез келген мемлекеттің болашағы оның азаматтарының білімділік деңгейіне байланысты, - деп атап көрсетті облыс басшысы өз сөзінде. – Осы тұрғыда өңірдің және бүкіл Қазақстанның дамуына ҚАЕУ үлкен үлес қосуда. Жиырма жылда он мыңнан астам маман даярланды, олардың 4000-ы – үш тілді еркін меңгергендер. Бұл тұрғыда ЖОО қазіргі түлектеріне Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қоятын талаптары шеңберінде  ҚАЕУ тиімді жұмыс жасауда. Әлемнің озық елдері қатарына ену міндеті қойылды, сондықтан да Қазақстанның Шығысында ҚАЕУ құрылып, жұмыс істейтіні  біз үшін үлкен басымдық болып табылады. Облыс басшылығы атынан университет ұжымын құттықтай отырып, прогрессивті халықаралық тәжірибеге баулып, АҚШ жетекші компанияларында іс-тәжірибеден өтуге біздің студенттерімізге мүмкіндік ашқан АҚШ-тан келген әріптестерге зор алғыс айтқым келеді.  Осының бәрі ҚАЕУ президенті Ережеп Мәмбетқазиевтің 30 жылдық ректорлық қызметінің нәтижесі, ол жоғары бағаға лайық, өйткені оның қызметі тек біздің облыстың ғана емес, бүкіл Қазақстанның білімінің дамуына көмектеседі.

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев ҚАЕУ вице-президенті, АҚШ азаматы Дэниел Бэлластқа Ыбырай Алтынсарин төс белгісін тапсырды. ҚР Білім және ғылым министрлігінің Грамоталары ҚАЕУ коммерциялық директоры Махмет Шураевқа,  кешкі-қашықтан және сырттай оқу факультетінің деканы Надежда Шеферге, бизнес, құқық және педагогика факультетінің деканы Галина Мензюкке тапсырылды. ШҚО әкімінің Грамоталарымен ғылыми-зерттеу бөлімінің жетекшісі Раушан Мәмбетқазиева,  ЖОО дейінгі сектордің вице-президенті Ерсайын Нәбиев марапатталды.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 1994 жылы университетті ашып және бес жылдан кейін оның тұңғыш түлектеріне дипломдарын тапсыра отырып былай деп атап көрсеткен болатын: «XXI ғасыр қазақстандықтары тек өз отанына ғана емес, бүкіл ғаламшарға қызмет ететіндей, біз өз балаларымызды ғаламшар азаматтары етіп тәрбиелегіміз келеді». Ел президентінің үміті, жоба авторының, ҚАЕУ құрушысының да үміті ақталды. АҚШ-да іс-тәжірибеде бизнестің ең озық технологияларын меңгерген үштілді университет түлектері, әр мәдениет өкілдерімен жұмыс жасай алады, өздігімен даму қабілеттері бар олар, көшбасшы болып қалыптасады.

ҚАЕУ түлектерінің бүтіндей бір ұрпағы мемлекеттік құрылымдар мен ірі кәсіпорындарда, АҚШ, Ұлыбритания, Германия,  Австралия, Испания, Греция, Франция, Оңтүстік Корея, Ресей, Эстония…жетекші компанияларында жұмыс істейді. АҚШ-нан Севинц Нуриеваның, Қытайдан Сабина Мамедованың, Ресейден Юлия Сағындықованың, Астанадан Ризаэль Мұқашеваның бейне-құттықтаулары қызу қошаметпен қабылданды. Сонымен бірге зал, бүгінде Шығыс Қазақстанның жетекші кәсіпорындарында, мемлекеттік құрылымдарында жұмыс жасайтын университет түлектерін де құттықтады.

Қазақстандағы АҚШ елшісінің бірінші орынбасары Майкл Клечески екі елдің қарым-қатынасының дамуына ҚАЕУ-нің қосқан үлесіне қанағат сезімін білдірді. Дэниел Бэлласт үшін Өскемен оның екінші туған үйіне, ал ҚАЕУ тарихы – оның өмірінің тарихына айналды. Университеттің тұрақты кураторы, ҚР Құрметті білім қызметкері Маршалл Кристенсен «Халықаралық көшбасшылық» бағдарламасын табысты түрде жүзеге асыруда. ҚАЕУ Құрметті профессоры Дэвид Кнаусс университеттің 20 жылда дамуына өзінің қанағаттанғанын қазақ тілінде білдірді.

Танымал әнші, ҚР еңбегі сіңген мәдениет қайраткері Әлмира Нұрғожина құттықтау ретінде ән орындап берді.

Назарбаев Университеті және  ҚАЕУ арасында жақсы серіктестік қатынастар орнаған. Жоғары оқу орнының ректоры Шиге Катсу, ҚАЕУ құрметті қонағы болған; ҚАЕУ-не деген мерейтойлық құттықтауларын, Назарбаев Университетінің атқарушы  вице-президенті Мақсат Мамашев, "Болашақ" ХБО вице-президенті Индира Мамашева,  Назарбаев Университетінің Білім беру Жоғары мектебінің деканы Рейган Тимоти ала келді.

30 жыл бұрын, сонау 1984 жылы, Өскемен пединституты  ректоры қызметіне, ҚазМУ ассистенті, аспирантынан,  профессоры, кафедра меңгерушісіне дейінгі жолдан өткен, жас, жігерлі химия ғылымдарының докторы кірісті. Бұл уақытқа Ережеп Әлхайырұлы Одақтың химия мектебінің әлемге әйгілі кемеңгерлері мектебінен өтіп, Мәскеу, Ленинградтың атақты университеттері мен ҒЗИ-да машықтануда болып, Ломоносов атындағы ММУ-де докторлық диссертациясын табысты қорғаған болатын. Оның ректорлығының бүкіл отыз жылы– бұл реформатордың жолы.

- Ел президенті Н.Ә. Назарбаевтың қолдауымен Қазақстанның АҚШ-мен қарым-қатынастарының дамуы үшін алдыңғы шебі құрылды, - деп атап көрсетті өз сөзінде Қазақ спорт және  туризм академиясының  президенті Қайрат Зәкәриянов, ҚР БҒМ- нен құттықтау арнауын оқып. –Сіз, Ережеп Әлхайырұлы, Өскемен қаласының Құрметті азаматы болып табыласыз, алайда Сіз бүкіл Шығыс Қазақстанның Құрметті азаматы болуға лайықсыз, өйткені оның зияткерлік әлеуетінің дамуына үлкен үлес қостыңыз.

Білімнің дамуына қосқан елеулі үлесі үшін және ректорлық қызметінің 30 жылдығына байланысты Ережеп Мәмбетқазиевке салтанатты түрде  Ахмет Байтурсынов   Ордені және  диплом табыс етілді. Осы салтанатты Ғылыми Кеңесте Ережеп Мәмбетқазиев сіңірген еңбектері, жетістіктері және көшбасшылық көзғарастары үшін Қазақ  спорт және  туризм академиясының құрметті докторы Дипломының, Уорнер Пасифик Колледжнен гуманитарлық ғылымдары докторы Дипломының (АҚШ), әл-  Фараби атындағы ҚазМУ грамотасының, білім беруде қызмет көрсету   Е-2  ұйымының сертификаты иегері атанды.

ҚР жоғары оқу орындары Қауымдастығынан  Ахмет Байтурсынов атындағы Медальмен ҚАЕУ ректоры, Phd докторы  Айдар Мәмбетқазиев, ҚАЕУ  ОЖжәне ББ жөніндегі вице-президенті, экономика ғылымдарының кандидаты Галина Конопьянова, ҚАЕУ профессоры Карен Нариманьян марапатталды.  

Университет және оның негізін қалаушысының атына ҚР Білім және ғылым министрі  Аслан Сәрінжіповтен,  Астананың әкімі Иманғали Тасмағамбетовтен, мемлекеттік құрылымдардан, ұлттық компаниялардан, шетелдік серіктестерден, Қазақстан және басқа елдердің ЖОО ректорлық корпусынан құттықтаулар келіп түсті. Ал, біздің тамаша ЖОО- дың түлектері табысты жұмыс істеп жүрген, АҚШ, Ұлыбритания, Австралия, Канада. Франция, Эстония, Ресей, Украинадан келіп түскен университет түлектерінің алғыс сөздері  ерекше қымбатты болды.

Ректорлықтың барлық жылдарында Ережеп Әлхайырұлы шығыс өңірінің мұғалімдерімен тығыз ынтымақтастықты ұстап отыруда. Қоғамдағы мұғалімнің баға жетпес рөліне нық сенімді ол, мынаны қайталаудан жалықпайды: «Тіпті мен, академик, егер білім негізін мектеп мұғалімі қаламаса, қанша ынталы болсам да жоғары оқу орны қабырғасында жақсы маманды даярлай алмаймын». Көпжылдық қызмет кезінде ол қала, бүкіл Шығыс Қазақстан жұртшылығы арасында сіңірген еңбегі үшін лайықты абыройға ие болды.

Салтанатта өз құттықтауларын мұғалімдер, жұртшылық және де университетке өз балаларының білімін, болашағын сеніп тапсырып, риза болған ата- аналар жолдады.

Өзінің қорытынды сөзінде ҚАЕУ президенті, ҚР ҰҒА академигі Ережеп Мәмбетқазиев университеттің қалыптасуы мен дамуына қатысқандардың барлығына өз алғысын білдірді.

- Бәлкім, сенің үміттерің ақталып, жоспарларың табысты жүзеге асқанын көру жазса, дүниеде одан артық бақытты адами тағдыр жоқ шығар, –деп атап өтті ол. – Бұрынғы Одақ кезінде АҚШ-мен ынтымақтастықта университет ашу мүмкін емес еді. Ал бүгін біз Америкамен халықаралық серіктестік университетінің 20 жылдығын атап өтудеміз. Оның ЖОО арасындағы мойындалған беделі– бұл екі әртүрлі құрылықтың, қазақстандықтар мен американдықтардың, екі ділдің, қатынасудың үш тілдерінің көпжылдық ынтымақтастығының еңбегі. Бұл бір- бірінің мүддесін құрметтеуге, сенімге, ортақ игі мақсатпен біріккен пікірлестердің өзара түсіністіктеріне негізделген ынтымақтастық.

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru