Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

БІЛІМНІҢ ЖАҺАНДАНУЫ

 «Қазақстан-2050» даму стратегиясын жүзеге асыру факторы ретінде

Осындай күн тәртібіндегі дөңгелек үстел ҚАЕУ жиырма жылдығы бағдарламасының маңызды бөлігі болды. Дөңгелек үстелге қатысушыларды ҚАЕУ президенті, ҚР ҰҒА  академигі Ережеп  Мәмбетқазиев, ҚАЕУ Халықаралық қамқорлық кеңесінің төрағасы Маршалл Кристенсен құттықтады.

Үш маңызды тақырып талқыланды. Жоғары оқу орны мен бизнестің серіктестігі қалай құрылуы тиіс? Болашақтың  білімі қандай болмақ? Шетелдік студенттерді қазақстандық ЖОО-на оқуға қалай тартуға болады? Талқылауға ҚАЕУ ғалымдары мен оқытушылары, студенттер қатысты.

 «Жоғары оқу орындары және бизнес арасындағы өзара тиімді серіктестік». Осы тақырыпқа баяндама жасағандар: Нордвест Назарин университетінің профессоры Сэмюэл Ли Данн, JDE Group LLC корпорацияының құрылтайшысы Джеймс Ивенсон,  Стратеджик Ресурс корпорациясының директоры Роберт Роубак,  ҚАЕУ бизнес кафедрасының меңгерушісі Илона Бордияну.

Жас мамандар арасындағы жұмыссыздық мәселесі, әдетте, тәжірибенің болмауына қатысты, ал ондай тәжірибе  22 жастағы түлекте  қайдан болмақ, деп атап көрсетті, қатысушылар. Сондықтан да ЖОО мен бизнес арасында қажеттілікті ортақ түсіну болуы керек, ал ол үшін оқудың бірлескен бағдарламасын жасау қажет. Университеттің  бизнеспен серіктестігі, екі тарапты да қанағаттандыратын күшті жақтары, құндылықтары негізінде құрылғаны абзал. 

 «Болашақтың білімі әдіснамасы» тақырыбына екінші ұжымдық баяндаманы Сиерра Даярлық академиясының құрылтайшысы, әрі директоры Эдвард Дэнни, Кнаус Экзекьютив Коучинг құрылтайшысы, әрі директоры Дэвид Кнаус, ҚАЕУ Халықаралық қамқорлық кеңесінің төрағасы Маршалл Кристенсен, Батыс Саксон университетінің қолданбалы ғылымдар профессоры Кристиан Браувайлер (Германия), ҚАЕУ вице-президенті,  педагогика ғылымдарының докторы, профессор Ерсайын Нәбиев жасады. 

Қазақстан ЖОО-на шетелдік студенттерді жұмылдырудың стратегиясы қандай болуы керек? Осы мәселеге өз көзғарастарымен,  Уорнер Пасифик университетінің  президенті Андреа Кук, Вильметта университетінің профессоры Майкл Марш, ҚАЕУ көптілділік және халықаралық білім бағдарламалары Орталығының директоры Юлия  Новицкая, Perry&Young, Inc. Корпорациясының ұйымдық даму бөлімінің директоры  Брайан Янг бөлісті.

Дөңгелек үстелге қатысушылар сұрақтарды талқылау қорытындыларын шығарып, мәселелерді шешу жолдарын белгіледі. 

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru