Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

ҚАЕУ – БҰЛ БІЗ!!!

Өскемендегі амфитеатрдағы қалалық жастар фестиваліҚАЕУ 20 жылдығын тойлаудың орасан зор финалына айналды.

 «ҚАЕУ – бұл біз! Бізге 20 жыл!» деген үлкен баннерлермен, даңқ  Аллеясындағы  озаттардың портреттерімен безендірілген  облыстық астана, бұл кешке бүкіл өскемендіктердің мерекесі ретінде дайындалды. Радио мен телеарналардан ҚАЕУ 20 жылдығы құрметіне арналған қалалық фестивалға шақырулар айтылып жатты. Кешке қарай   амфитеатр жанындағы алаңда көптеген қалалықтар, шетелдік қонақтар,  ҚАЕУ және басқа университеттер студенттері, қала жастары жиналды.

- Қалалық  Қазақстан –Американдық Еркін Университетінің туғанына 20 жыл толуына арналған біздің мерейтойлық көрсетулерімізде сіздерге сәлем жолдауға қуаныштымыз! – деп кешті жүргізушілер мерекені ашты. – Бұл республикадағы алғашқы жеке меншік халықаралық серіктестік жоғары оқу орны атаулы күнін Калифорния және Орегон штаттарындағы біздің американдық әріптестеріміз де тойлауда. Университет мерейтойы –халықаралық, құттықтаулар географиясы –ғаламшарлық!

     Сахнаға облыс, қала,  университет басшылары, шетелдік әріптестер шақырылды. Американдық әріптестер Хью Холман, Дэниэлл Бэлласт, жиналғандарды құттықтап, «ҚАЕУ – бұл біздің университет! ҚАЕУ – бұл біз!» деп ұрандады, ал алаң оларды қызу қолдады.

- Облыс басшылығы атынан университетті мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын! – деді өз сөзінде облыс әкімінің орынбасары Омар Жақсылық. -   Қазақстан әлемнің барлық елдерімен бейбіт қатынастартады,  АҚШ-  да  республиканың маңызды стратегиялық серіктесі болып табылады. Осындай серіктестікті дамытуда елімізде және шетелдерде танымал білім менеджері, ҚР ҰҒА академигі Ережеп Әлхайырұлы Мәмбетқазиевтің қосқан үлесі ерекше баға беруге лайық.

Ду қол шапалақтау кезінде  ҚАЕУ негізін қалаушы Ережеп Мәмбетқазиев академиялық мантия киді.

- Сонау 1994 жылы, – деп атап көрсетті Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Владимир Головатюк,  - республика үшін тұрақсыз кезде,  қазақстан-американдық  университетті құру тәуекелді қадам болды.  Тек осындай жобаның маңыздылығын терең түсінген адам ғана, оған және иландырып, жобаны жүзеге асыра алды.

- Әріптестер, студенттер, ата аналар, барлық шығыс қазақстандықтарға зор алғыс айтамын!- деп жауап қайтарды құттықтауларға ҚАЕУ негізін қалаушы және оның Президенті Ережеп Мәмбетқазиев. – Шығыс Қазақстан –елдің дамыған зияткерлік өңірі, мұнда балалар екі тілді меңгерген. Ал міне жиырма жылдан артық уақытта мұнда белсенді түрде үшінші–ағылшын тілі енгізілуде, ол біздің дарынды жастарымызға ғаламшар балалары болуына мүмкіндік ашады. Біздің Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы  Назарбаев осыған шақырады!

           Салтанатты студенттік әнұран  «Гаудеамустің» үнімен сахнаға бірінші курстықтар шықты. Оларды ҚАЕУ студенттері қатарына салтанатты қабылдау өткізілді.           

Мереке әндер мен билер, көңілдендіретін дискотека  ырғағында жалғасты. Мерекелік сахнада шығыстың ең атақты «Флэш» би командасы, қаланың көпшіліктің сүйікті  вокалдық «Нон-стоп» дуэті Антон мен  Ирина  Барабаш өнерлерін көрсетті, ҚАЕУ студенті Нұргүл Нұрғазиева жеке дауыспен  ән салды және басқа да сахна шеберлері өз өнерлерін көрсетті.

  Мерекенің  көптен күткен сәті - үлкен отшашу болды, Өскемен  аспаны сан алуан түсті жарқылдауға толды.  Бұл осы мерекеге келгендердің барлығының      таңдайларын қаққызды.

- Мен әртүрлі елдерде көптеген студенттік мерекелерде болдым. – деп өз алған әсерлерімен бөлісті, Батыс Саксон университетінің (Германия)  қолданбалы ғылымдар профессоры Кристиан Браувайлер.  – Алайда өзінің ауқымдылығы жағынан олардың бірде - бірін, бүгін мен көріп отырған ҚАЕУ 20 жылдығымен еш салыстыруға болмайды.

P.S. ҚАЕУ ректораты қала әкімі Темірбек Қасымжановқа және оның орынбасарларына, қала қызметтерінің бөлім жетекшілеріне,  Өскемен қаласы ішкі істер басқармасының бастығы полиция полковнигі  Әділқан Уәлиевке ҚАЕУ 20 жылдығын мерекелеуге даярлық пен оны өткізуге көрсеткен көмектері үшін алғысын білдіреді.

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru