Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

ЖАСТАР – МЕМЛЕКЕТ ТІРЕГІ

Қазақстан Республикасы Президенті «Нұрлы жол – болашаққа жол» Қазақстан халқына жаңа жолдауында жастарды мемлекет тірегі деп атап үлкен сенім артты. Осы үшін жастарда барлығы бар: соғыс жоқ елде білім алу мүмкіндігі, тұрақтылық және жеке адамды әр бағытта дамыту үшін барлық жағдайлар құрылды.

Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі-мен әр түрлі оқу орындарының түлектері үшін Жастар іс-тәжірибесі бағдарламасы әзірленді, ол жас мамандарға белгілі жұмыс тәжірибесін алуға және еңбек нарығын-да бәсекеге қабілеттілігін арттыруға жол береді.

2002 жылдан Бағдарламаға 4465 адам қатысты, олардан 4031 адам тұрақты жұмыс орнына орнаалстырылды, бұл 91 %-ды құрайды. Бұл жақсы нәтиже, біз әр түлектің лайықты жұмыс орнын табуына ұмтыламыз.

2015 жылы Жастар іс-тәжірибесі бағдарламасына, диплом алған күннен 12 ай аспаған жағдайда, 29 жасқа дейінгі 2014-2015 жылдары оқу бітірген дипломы бар мамандар қатысады.

Бағдарламаға қатысу үшін жұмыспен қамту бөліміне өтініш жасау қажеті және

Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі-мен жыл сайын Жастар іс-тәжірибесі бағдарламасы бойынша жұмыссыз түлектерді жұмысқа орналастыруға көмек көрсетіледі.

Бағдарламаның мақсаты: дипломы бар түлектердің алғашқы тәжірибесін және алған мамандығы бойынша жұмыс өтілін алу, жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін ке-ңейту және еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

Жастар іс-тәжірибесі бағдарламасына білімі туралы дипломды алған күннен 12 ай аспаған жағдайда, 29 жастан аспайтын, 2014-2015 жылдары оқуын аяқтаған дипломы бар мамандар қатыса алады.

Бағдарламаға қатысу үшін жұмыспен қамту бөліміне өтініш жасау және құ-жаттар пакетін ұсыну қажет: жеке бас куәлігі, диплом, зейнетақы шарты, Евразия-лық банкінің карточка шотының нөмірі.

Еңбекақы Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама-лар бөлімімен толық жұмыс айына 26000 теңге есебінен бағдарламаға қатысушы-лардың жеке шотына аудару арқылы жүзеге асырылады. Жұмыс берушілер өз қара-жатынан бағдарламаға қатысушыға қосымша ақы жүргізуіне болады.

Жұмысқа орналасуда қиындықтары бар 2014-2015 жылдарының түлектерін 2015 жылы Жастар іс-тәжірибесі бағдарламасына қатысуға ШАҚЫРАМЫЗ.

Біздің мекенжайымыз: Өскемен қаласы, Тургенев көшесі, 30, 304 кабинет, анықтама телефоны: 22-49-10

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru