Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Аймақтық «Честяков оқулары» семинары

Қазақстан-Американдық еркін университеті 2012 жылғы сәуір айында Михаил Честяковтың шығармашылығымен кеңінен танысуға арналған аймақтық «Честяков оқулары» атты семинар өткізетінін хабарлайды.

Семинар жұмысының бағыттары:

  1. Михаил Честяковтың мұрасы: өмірлік тәжірибе мен әдеби дағды
  2. Аймақтық авторлардың мұралары: әдебиет, сурет, тіл білімі, музыка.
  3. Шығыс-Қазақстан: өткені мен бүгінгі күні
  4. Қазақстанның білім беру саласындағы  мәселелері
  5. Қазақстанның мәдениет саласындағы мәселелері
  6. Көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы
  7. «М.Чистяковтың сөзіне жазылған әндер  байқауы»

Семинарда қолданылатын тілдер – қазақ, орыс.

Семинарды ұйымдастыру комитеті байқауға  оқытушылар мен студенттерден басқа, орта мектептің, колледждердің  жоғарғы сынып оқушыларының сондай-ақ аспиранттар мен магистранттардың ең үздік ғылыми-зерттеу жұмыстарын да қабылдайды.
Авторлық жұмыс пен көркемсөз оқу байқауына осы  салада  тәжірибесі бар барлық адамдар қатыса алады.
Семинар материалдарын дайындауға қажетті тапсырыстар мен тезистер 2012 жылғы 15 наурызға дейін қабылданады.
Семинарға қатысуды ұйымдастыруға жұмасалатын қаражат (басып шығаруға) – 1000 теңге.

Көркемсөз оқу сайысының талаптары: Көркемсөз оқу сайысына қатысушының аты, тегі, аймақтық автор өлеңінің атауы, жетекшісінің аты, тегі, әкесінің аты, мектеп нөмірі мен сыныбы, байланысу жолдары (телефоны, мекен-жайы)  міндетті түрде көрсетілген тапсырыстар қабылданады.  Көлемі бір беттен аспайтын өлеңдерді оқуға болады. Барлық тапсырыстар 10 наурызға дейін қабылданады, байқау барысында ешқандай өзгертулер болмайды. Байқауға қатысатын әрбір  қатысушыға бір ғана өлең оқуға рұқсат беріледі. Тапсырыста оқу барысында техникалық сүйемелдеу қажет немесе қажет еместігін көрсетулеріңізді сұраймыз.

«М.Чистяковтың сөзіне жазылған әндер  байқауына» қатысушыларға қойылатын талаптар
Байқауға қатысуға берілетін тапсырыста қатысушының аты, тегі, әннің аты, байланысу жолдары көрсетілуі тиіс. Барлық тапсырыстар 15 наурызға дейін қабылданады. Байқауға қатысатын әрбір қатысушыға  бір ғана ән орындауға рұқсат беріледі. Әнді музыкалық аспаппен немесе цифрлық қондырғымен жазылған музыкалық сүйемелдеуде орындауға болады. Дауысты алдын-ала жазу рұқсат етілмейді.  Тапсырыста оқу барысында техникалық сүйемелдеу қажет немесе қажет еместігін көрсетулеріңізді сұраймыз.

Семинарды ұйымдастыру комитетімен байланысу жолдары:
Қазақстан Республикасы, Өскемен қаласы, Тәуелсіздік даңғылы 86, 901 кабинет.
Тел. 8 (7232) 77-09-66, 8 (7232) 23-12-55, fax 8 (7232) 29-72-08, e-mail, tanya_levina@mail.ru
Электрондық поштамен тапсырыс жолдаған кезде  «Тақырыбы» деген жолға «Честяков оқулары» деп көрсетулеріңізді сұраймыз. Жолданған материалдар  тақырыпқа сәйкес келмеген жағдайда ұйымдастыру комитеті материалды қабылдамауға құқылы.

МАТЕРИАЛДАРДЫ РЕСІМДЕУДІҢ ТЕХНИКАЛЫҚ ТАЛАПТАРЫ

Компьютермен 14 Times New Roman шрифтімен терілген 3 беттен 10 бетке дейінгі  көлемде,  жолдардың арасы 1 интервал,  жаңа жол алдында – 1см, шеттік сызықтарының барлығы – 3 см. жазылуы тиіс.

ҮЛГІ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЗАҢНАМАЛЫҚТАРДЫ ЭКОЛОГИЗАЦИЯЛАУ

А.В.Петров

Қазақстан-Американдық еркін университеті, Өскемен қаласы, Қазақстан.

Мәтін (міндетті түрде мәтіннің маңыздылығын көрсету)

Әдебиеттер тізімі (қажет болған жағдайда)

Библиографиялық тізімді жасау

Библиографиялық тізім -  кез-келген ғылыми жұмыстың басты бөлігі. Онда зерттеу жұмысын жүргізу барысында пайдаланылған әдебиеттердің тізімі көрсетіледі. Тізім төмендегі тәртіппен ресімделеді:

  1. Үкіметтің құжаттары мен материалдары хронологиялық тәртіп бойынша ретпен жазылады.
  2. Құжаттық мақалалар. Министерстволар мен ведомстволардың материалдары мен құжаттары. Хронологиялық тәртіппен.
  3. Монографиялар, кітаптар, мақалалар. Алфавиттік тәртіппен.
  4. Зерттеу жұмыстары жүргізілген ұйымның құжаттары мен материалдары. Басында орталық, кейін республикалық және жергілікті ұйымдардың, кәсіпорындар мен мекемелердің ведомстволық құжаттары мен материалдары жазылады.

Библиографиялық тізім алғашқы атаудан бастап ең соңғы атауға дейін нөмірленеді. Жеке құжаттарға тақырыптар берілмейді. Ғылыми зерттеу жұмысын  орындау барысында бірдей деңгейдегі деректемелерді тікелей немесе жанама дәйектеуге болады. Дәйектеу орыс тілінің пунктуация талаптарына сәйкес жазылады.
Сілтемелер дөңгелек немесе төртбұрыш жақшаға алынады (деректеме нөмірі, бет нөмірі) (1, 15б.)
ҮЛГІ

Әдебиеттер

  1. А.В. Герцов. Кітаппен жұмыс. Тиімді әдістер. – М., 1988.
  2. Н.И. Кондаков. Логикалық сөздік. – М., 1971.
  3. А.В. Петров. Ғылыми стиль және оның ерекшеліктері //Ғылыми стиль. – М., 1986. –  23-25б. (жинақтағы мақалалар үшін)

Тапсырыс үлгісі

  1. Қатысушының аты, тегі, әкесінің аты
  2. Ғылыми жетекшісінің аты, тегі, әкесінің аты
  3. Баяндаманың атауы мен бағыт номері, немесе қатысушының қай байқауға қатысатынын көрсету
  4. Жетекшісінің - жұмыс орны және академиялық дәрежесі, студенттің – оқу орны, курс, мамандығы.
  5. Баяндаманы оқу барысында техникалық сүйемелдеудің қажет (қажет болған жағдайда қандай көмек көрсету)  немесе қажет емес екендігін көрсетіңіз.
  6. Байланысу жолдары  (мекен-жай, телефон, E-mail — болғаны  құпталады)
Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru