Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

«Мектеп-ЖОО» жүйесінің өзара әрекеттесуін модернизациялау: әдістемесі мен даму мүмкіндіктері»

Қазақстан-Американдық еркін университеті 2012 жылғы наурыз айында «Мектеп-ЖОО» жүйесінің өзара әрекеттесуін модернизациялау: әдістемесі мен даму мүмкіндіктері» тақырыбына аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізетінін хабарлайды.

Конференция тәжірибе алмасу үрдісін жалғастырып, төмендегі бағыттарды қамтитын аталған шараны өткізу арқылы тақырыптың идеясын жүзеге асыруды ұсынады:

  1. ЖОО-на дейінгі дайындық мәселелері.
  2. Дамудың қазіргі кезеңіндегі психологиялық-педагогикалық аспектілер.
  3. Мамандарды тілдік дайындау
  4. Білім беру процесіндегі электронды технологиялар.

Конференцияны өткізу тілі – қазақ, орыс тілі.

Конференцияны ұйымдастыру комитеті бастауыш, орта, орта-кәсіби және жоғарғы оқу орындары мұғалімдері мен оқытушыларының, сондай-ақ білім беру департаменттері мен ведомстволары қызметкерлерінің  баяндамаларын қабылдайды.

Тапсырыстар мен тезистер 2012 жылғы 10 ақпанға дейін қабылданады. Барлық материалдар тек қана электронды нұсқада қабылданады. Материалдар басқа форматта қабылданбайды. Электронды нұсқада материалдарды қабылдауға қатысты шағымдар қарастырылмайды.

Белгіленген мерзімнен кешіктіріліп ұсынылған материалдар қабылданбайды және қарастырлмайды. Материалдарды қарастырмау немесе қабылдамау туралы шағымдар қарастырылмайды.

Семинарға қатысуды ұйымдастыруға жұмсалатын қаражат – 1000 теңге.

Семинарды ұйымдастыру комитетімен байланысу жолдары:

Қазақстан Республикасы, Өскемен қаласы, Тәуелсіздік даңғылы 86, 901 кабинет. Тел. 8 (7232) 77-09-66, 8 (7232) 23-12-55, fax 8 (7232) 29-72-08, e-mail, tanya_levina@mail.ru

Электрондық поштамен тапсырыс жолдаған кезде  «Тақырыбы» деген жолға «Аймақтық конференция» деп көрсетулеріңізді сұраймыз. Жолданған материалдар  тақырыпқа сәйкес келмеген жағдайда ұйымдастыру комитеті материалды қабылдамауға құқылы.

МАТЕРИАЛДАРДЫ РЕСІМДЕУДІҢ ТЕХНИКАЛЫҚ ТАЛАПТАРЫ

Компьютермен 14 Times New Roman шрифтімен терілген 3 беттен 10 бетке дейінгі  көлемде,  жолдардың арасы 1 интервал,  жаңа жол алдында – 1см, шеттік сызықтарының барлығы – 3 см. жазылуы тиіс.

ҮЛГІ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЗАҢНАМАЛЫҚТАРДЫ ЭКОЛОГИЗАЦИЯЛАУ

А.В.Петров

Қазақстан-Американдық еркін университеті, Өскемен қаласы, Қазақстан.

Мәтін (міндетті түрде мәтіннің маңыздылығын көрсету)

Әдебиеттер тізімі міндетті түрде

Библиографиялық тізімді жасау

Библиографиялық тізім -  кез-келген ғылыми жұмыстың басты бөлігі. Онда зерттеу жұмысын жүргізу барысында пайдаланылған әдебиеттердің тізімі көрсетіледі. Тізім төмендегі тәртіппен ресімделеді:

  1. Үкіметтің құжаттары мен материалдары хронологиялық тәртіп бойынша ретпен жазылады.
  2. Құжаттық мақалалар. Министерстволар мен ведомстволардың материалдары мен құжаттары. Хронологиялық тәртіппен.
  3. Монографиялар, кітаптар, мақалалар. Алфавиттік тәртіппен.
  4. Зерттеу жұмыстары жүргізілген ұйымның құжаттары мен материалдары. Басында орталық, кейін республикалық және жергілікті ұйымдардың, кәсіпорындар мен мекемелердің ведомстволық құжаттары мен материалдары жазылады.

Библиографиялық тізім алғашқы атаудан бастап ең соңғы атауға дейін нөмірленеді. Жеке құжаттарға тақырыптар берілмейді. Ғылыми зерттеу жұмысын  орындау барысында бірдей деңгейдегі деректемелерді тікелей немесе жанама дәйектеуге болады. Дәйектеу орыс тілінің пунктуация талаптарына сәйкес жазылады.

Сілтемелер дөңгелек немесе төртбұрыш жақшаға алынады (деректеме нөмірі, бет нөмірі) (1, 15б.)

ҮЛГІ

Әдебиеттер

  1. А.В. Герцов. Кітаппен жұмыс. Тиімді әдістер. – М., 1988.
  2. Н.И. Кондаков. Логикалық сөздік. – М., 1971.
  3. А.В. Петров. Ғылыми стиль және оның ерекшеліктері //Ғылыми стиль. – М., 1986. –  23-25б. (жинақтағы мақалалар үшін)

Тапсырыс үлгісі

  1. Қатысушының аты, тегі, әкесінің аты
  2. Баяндама тақырыбы мен секция нөмірі
  3. Қатысушының жұмыс орыны мен академиялық дәрежесі
  4. Баяндаманы оқу барысында техникалық сүйемелдеудің қажет (қажет болған жағдайда қандай көмек көрсету)  немесе қажет емес екендігін көрсетіңіз.
  5. Байланысу жолдары  (мекен-жайы, телефон, E-mail — болғаны  құпталады)

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru